Сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

    ҚолданыстағыӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

    1. №301 сайлау учаскесінің «Енбекшіарал ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Еңбекшіарал ауылы, Көкбастау көшесі № 1а мекен-жайында орналасқан орталығын Сарыбай би ауылы, Қарасу көшесі № 20Б мекен-жайында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыбай би ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша ауыстырылсын.

    2. Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы №301 сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы О.Сарсеновке жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Н. Ертас

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.