2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің» 142-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесі бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.С.Андабековке жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Е.Бәзіл

    Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша «_____» _____________«2026ж

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

    Мекеме түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған тариф, теңгемен
    1
    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
    1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
    2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
    3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
    4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;
    5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ тұлғалар.
    2462
    Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
    1) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары
    2) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдар.
    11243

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.