Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 сәуір 2026 ж.

    Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы

    «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына және Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 7 тамыздағы №228 «Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

    2. «Алматы қаласының Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары жаңадан құрылған «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілсін.

    3. «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

    4. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемені мемлекеттік тіркеуді, құрылтай құжаттарын сәйкестендіруді және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды орындауды қамтамасыз етсін.

    5. Алматы қаласының экономика және қаржы басқармасы осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

    6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2026 жылғы «____»__________ №____

    қаулысына қосымша

    «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1.  «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы қаласының аумағында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2.  Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    3.  Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

    4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

    5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, Басқарма мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Басқарма басшысының заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделетін бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де актілермен шешімдер қабылдайды.

    7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 25/18.

    9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып саналады.

    10. Басқарманың атауы:

    мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление по защите прав детей города Алматы».

    11. Басқарма қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

    12. Басқарманың өз өкілеттіктері болып саналатын міндеттерін орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

    Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кіріс әкелетін қызметпен айналысу құқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    2-тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіліктері

    13. Басқарманың міндеттері:

    1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру;

    2) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының, соның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерінің алдын алу және оларды ерте анықтау жөніндегі шараларды әзірлеу, іске асыру және үйлестіру, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және жергілікті деңгейде баланы қорғау жөнінде қажетті шараларды қабылдау;

    3) балалардың дене бiтiмi, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың бойында патриотизм, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, Қазақстан халқының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;

    4) балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жетілдіру;

    5) балалардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу.

    14. Басқарманың өкілеттіктері:

    құқықтары:

    1) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

    2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

    3) кәмелетке толмағандар орналастырылған мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің меншік нысанына қарамастан ұйымдарына кедергісіз бару;

    4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, сондай-ақ басқа өңірлерден балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ Басқармаға жүктелген міндеттерді шешу үшін баланың құқықтарын қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат пен материалдарды сұрату;

    5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    6) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органдар мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптестігін дамытуға жәрдемдесу;

    7) өңірде шығармашылық бастамаларды қолдау саласында меценаттық пен қайырымдылық дәстүрлерін дамытуға жәрдемдесу;

    8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының, сот отырыстарының жұмысына қатысу;

    9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен жүгіну;

    10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    Міндеттері:

    1) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау;

    2) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

    3) белгіленген тәртіппен жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

    4) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік және Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеу;

    5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

    6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    15. Міндеттері:

    1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) балалардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, сондай-ақ балалардың өмір сүру сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;

    3) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді үйлестіру, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;

    4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау салаларында балалардың мүдделеріне бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

    5) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау;

    6) өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып:

    отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының сүйемелдеуінде жүрген;

    кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған;

    бұрын балалардың құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарда олардың құқықтарының бұзылуына байланысты (оның ішінде қатыгездік көрсету салдарынан) болған;

    тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсету үшін құрылған мобильді топтар анықтаған;

    ата-аналары немесе заңды өкілдері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) асырау бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың тәрбиесіне теріс әсер ететін отбасылар мен балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке алдын алу шараларын қолдану.

    7) осы тармақтың 6 тармақшасында көрсетілген балалардың жағдайын әр алты айда кемінде бір рет тұрақты түрде бару және бағалау;

    8) кәмелетке толмағандар орналасқан мемлекеттік органдарға және білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелері ұйымдарына кедергісіз бару;

    9) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат сұрату;

    10) өз құзыреті шегінде мобильдік топтардың жұмысына қатысу;

    11) ведомствоаралық ынтымақтастықты және түрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіруді, балалардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мәселелерін қамтамасыз ету;

    12) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру қызметі;

    13) балалардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

    14) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарына қатысу;

    15) өтініштерде (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, жауаптарда және хабарламаларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелік проблемаларды талдауды, мониторинг жасауды және анықтауды жүзеге асыру;

    16) балаларға Психологиялық көмек көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) мен Балалардың құқығын қорғау орталығының қызметін үйлестіру:

    Орталық қызметін әдістемелік сүйемелдеу, психологиялық көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және енгізу;

    Орталық қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау;

    Орталықтың білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;

    өмірлік қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіру;

    Орталықтың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    17) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасылар мен балалар үшін көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке алдын алу шараларын қолдану:

    орта білім беру ұйымдарының және техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандарға арналған педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтерінің тәуекел тобындағы;

    қылмыстық процесте балалардың, соның ішінде заңмен қақтығысқан балалардың, сондай-ақ жәбірленуші балалар мен зорлық-зомбылық куәгерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;

    18) қылмыстық процесте балаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

    19) қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында жәбірленуші балалар мен зорлық - зомбылық куәгерлерінің құқықтарын қорғауға жәрдемдесу;

    20) қылмыстық салада балалардың құқықтарының бұзылу жағдайларын ерте анықтауды және бұзушылық жағдайларына ден қоюды ұйымдастыру;

    21) алдын алу шараларын әзірлеу үшін қылмыстық процесте балалардың құқықтарының бұзылу жағдайларын есепке алу және талдау жүргізу;

    22) кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсетуді және оны сүйемелдеуді ұйымдастырудың жеке жоспарын құру;

    23) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қудалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу;

    24) зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіліктеріне талдау жүргізу және ұсыныстарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберу;

    25) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қудалауға (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру;

    26) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қудалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды, девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерден және түрмеден оралған балаларды жеке алып жүруді жүргізу;

    27) балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа және қудалауға қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу;

    28) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

    29) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронатқа, асырап алушы отбасына, қонақ және асырап алушы кәсіптік отбасына беру және орналастыру;

    30) қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, асырап алушы отбасылардағы және асырап алушы кәсіптік отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында олардың жай-күйін алты айда кемінде бір рет тұрақты бару арқылы мониторинг жүргізу және бағалау;

    31) жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру;

    32) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру;

    33) отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

    34) балалар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға және дамытуға, жетім балаларды, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүгедек балаларды және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қоса алғанда, балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

    35) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі петицияларды қарау;

    36) өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

    37) басқарма бюджетін жоспарлауды, орындауды және түзетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметін әкімшілік-қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

    38) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Алматы қаласы әкімдігінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    3-тарау. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Басқармаға басшылықты Басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

    18. Басқарма басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

    19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

    1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, сондай-ақ Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

    2) Басқарма басшысы орынбасарларының, Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

    3) Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

    4) заңнамаға сәйкес, Басқарма қызметкерлерін және Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

    5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

    6) Басқарманың құрылымын және Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

    8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

    20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.

    5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.