Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №15/147 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
5-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
адамның иммун тапшылығы вирусы бар адамдарға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға - 20 000 (жиырма мың) мөлшерінде теңге;».
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Абай аудандық мәслихатының төрағасы
Д.Сакенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.