«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2026 ж.

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) ағымдағы мониторинг – ағымдағы есепті кезеңде ақы төлеуге ұсынылған медициналық қызметтер (көмек) көрсету жағдайларының, оның ішінде осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген, тұрақты негізде жүргізілетін мониторингі;

    2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

    3) бастапқы медициналық құжаттама – халықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар жиынтығы;

    4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

    5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    6) жоспардан тыс мониторинг – медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін және (немесе) сатып алу шартының талаптарын бұзу фактілері және (немесе) мән-жайлары бойынша мониторингтің түрі;

    7) Қордың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) – Қордың функцияларын электрондық форматта іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

    8) Қордың филиалы – Қордың орналасқан жерінен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрін немесе бір бөлігін, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі;

    9) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

    10) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

    11) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;

    12) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) көлемі – өнім беруші мен Қордың арасындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген медициналық көмек көрсетудің түрлері, нысандары мен шарттары бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

    13) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының елеулі бұзушылықтары – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы талаптарының, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын, сондай-ақ клиникалық хаттамаларды сақтау жөніндегі медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарының бұзушылықтары;

    14) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының елеусіз бұзушылықтары – елеулі бұзушылықтарға жатпайтын, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес келмейтін бұзушылықтары;

    15) медициналық қызмет (көмек) көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) – медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарында, медициналық көмек көрсету қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген медициналық қызмет (көмек) көрсету тәртібінің және (немесе) шарттарының сақталмауы;

    16) медициналық қызмет (көмек) көрсету кезінде медициналық қызмет (көмек) көлеміне байланысты бұзушылық (бұдан әрі – бұзушылық) – көрсетілген медициналық қызмет (көмек) көлемінің негізсіз асырып көтеру, сондай-ақ медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайының фактілері;

    17) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық қызметтер (көмектің) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

    18) өнім беруші – онымен Қор медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

    19) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – ағымдағы және (немесе) жоспардан тыс мониторинг, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының сақталу сәйкестігін талдау;

    20) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Мониторинг нәтижелері бойынша ҚАЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ақаулар мен бұзушылықтардың бірыңғай сыныптамасына (бұдан әрі – Бірыңғай сыныптама) сәйкес ақаулар мен бұзушылықтардың кодтары анықталады және тағайындалады.

    Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда Қор көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес өнім берушіге тұрақсыздық айыбын қолданады.

    Медициналық қызметті рұқсат беру құжаттарынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз) жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, Қор көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасасқан шарт сомасынан 10 (он) пайыз мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісіне тұрақсыздық айыбын қолданады.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Ықтимал ақаулар мен бұзушылықтар жалпы және қосымша болып табылмайтын автоматтандырылған алгоритмдер негізінде ҚАЖ арқылы анықталады.

    Автоматтандырылған алгоритмдер нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер негізінде үнемі жаңартылуы тиіс.

    Автоматтандырылған алгоритмдерге өзгерістер енгізілген кезде, осы алгоритмдер бойынша бұрын тағайындалған ақаулар нормативтік құқықтық актінің бекітілген күнінен бастап, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) есепті кезең үшін төлем жүргізілмеген жағдайда түзетілуге жатады.»;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Ағымдағы мониторинг ҚАЖ-да әрбір жұмыс күні жүзеге асырылады.»;

    26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Ықтимал ақаумен немесе бұзушылықпен келіспеген жағдайда, өнім беруші олар анықталған күннен кейін, бес жұмыс күні ішінде дәлелді негіздеме келтіре отырып, ҚАЖ-да қарсылық береді.»;

    53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «53. Мониторинг кезінде анықталмаған ақаулар және (немесе) бұзушылықтар көрсетілген қызметтерге ақы төлегеннен кейін анықталған және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған кезде (жасырын кемшіліктер) Қор бұл туралы өнім берушіге жасырын кемшілік анықталған күннен бастап бір айдың ішінде хабарлайды және Бірыңғай сыныптамаға және жоспардан тыс мониторинг шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.

    Өнім беруші анықталған ақауларға және (немесе) қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына сәйкес жоспардан тыс мониторинг қорытындылары бойынша белгіленген көлемде бұрын жүргізілген төлем сомасын Қорға қайтаруды жүзеге асырады.»;

    мынадай мазмұндағы 53-1 және 53-2-тармақтармен толықтырылсын:

    «53-1. Өнім беруші қаражатты қайтаруды көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі анықталған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.

    53-2. Бұрын төленген, бірақ мониторинг нәтижесінде орындалмаған не тиісінше орындалмаған деп танылған көрсетілетін қызметтер үшін қаражатты қайтару бойынша міндеттеме көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қолданыстағы шарты шеңберінде көрсетілетін қызметтер бойынша ағымдағы төлемдерді жүргізуді тоқтатпайды және шектемейді.»;

    көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрі

    2026 жылғы 27 ақпандағы

    № 19 Бұйрығына

    қосымша

    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларына 1-қосымша

    Ақаулар мен бұзушылықтардың* бірыңғай сыныптамасы

    Р/с №
    Ақау/бұ­зу­шы­лық ко­ды
    Ақау/бұ­зу­шы­лық ата­уы
    Ам­бу­ла­то­ри­я­лық жағ­дай­лар­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек
    Ста­ци­о­нар­лық және ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын жағ­дай­лар­да, қа­был­дау бөл­ме­ле­рін­де, сон­дай-ақ ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да­ғы (рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де) ме­ди­ци­на­лық кө­мек
    Ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту ке­зін­де тө­ле­не­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер (БКЖН / ЖБН есе­лі­гін­де)
    Ам­бу­ла­то­ри­я­лық жағ­дай­лар­да ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек (қыз­мет құ­ны­нан)
    Те­мір жол кө­лі­гін­де­гі ЖМК қыз­мет­те­рі (бір адам­ға шақ­қан­да­ғы құн­нан)
    Шы­ғын сый­ым­ды­лы­ғы­ның ко­эф­фи­ци­ен­тін (ем­дел­ген жағ­дай­дың және(неме­се) қа­был­дау бө­лім­ше­сі­нің жағ­дай­ы­ның құ­ны­нан) ес­ке­ре оты­рып, КШТ бой­ын­ша бір ем­дел­ген жағ­дай үшін
    Нақ­ты шы­ғы­стар бой­ын­ша бір ем­дел­ген жағ­дай үшін(қыз­мет құ­ны­нан және (неме­се) ДЗ)
    Бір тө­сек-күн үшін (1 тө­сек-күн құ­ны­нан)
    есеп­тік ор­та­ша құ­ны бой­ын­ша бір ем­дел­ген жағ­дай үшін (1 жағ­дай құ­ны­нан)
    ме­ди­ци­на­лық-эко­но­ми­ка­лық та­риф­тер бой­ын­ша бір ем­дел­ген жағ­дай үшін (1 жағ­дай­дың құ­ны­нан)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    1
    1.0
    Ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ті негіз­сіз көр­се­ту
    20 КЖН/ЖБН
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    2
    1.1.
    Ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­лім­дер бол­ма­ған кез­де па­ци­ент­ті ем­де­у­ге жат­қы­зу
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    3
    1.2.
    Кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық қыз­мет­тер­ге негіз­сіз жі­бе­ру/көр­се­ту
    +
    +
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    4
    2.0
    Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­ны ре­сім­деу ақа­у­ла­ры: ден­са­улық сақ­та­удың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­ріне де­ректер­ді дұ­рыс емес/ уақ­ты­лы емес/ са­па­сыз ен­гі­зу
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    5
    3.0
    Көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық қыз­мет (кө­мек) кө­ле­мі­нің негіз­сіз асы­рып кө­те­ру
    10 КЖН/ЖБН
    100%
    50%
    50%
    50%
    50%
    50%
    50%
    6
    3.1
    Ем­деу және ди­а­гно­сти­ка­лық қыз­мет­тер са­нын негіз­сіз ұл­ғай­ту
    +
    +
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    7
    3.2
    Ба­ла­ма­ла­ры болған кез­де ба­рын­ша қым­бат қыз­мет­тер көр­се­ту ар­қы­лы кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық қыз­мет­тер құ­ны­ның қым­бат­та­уы
    +
    +
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    8
    3.3
    Көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек құ­ны­ның қым­бат­та­уы
    -
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    9
    3.4
    Ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын жағ­дай­лар­да ем­деу үшін ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­лім­дер болған кез­де тәу­лік бойы ста­ци­о­нар­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту ар­қы­лы ем­дел­ген жағ­дай­дың құ­нын арт­ты­ру.
    -
    -
    -
    60%
    -
    -
    -
    -
    10
    4.0
    Негіз­сіз қай­та ем­де­у­ге жат­қы­зу (ста­ци­о­нар­да ем­деу аяқ­тал­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 күн) пал­ли­а­тив­тік ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін өнім бе­ру­ші­лер­ден бас­қа
    -
    -
    -
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    11
    5.0
    Ме­ди­ци­на­лық кө­мек (қыз­мет) көр­се­ту­дің рас­тал­ма­ған жағ­дайы
    100 КЖН/ЖБН
    300%
    300%
    300%
    300%
    300%
    300%
    300%
    12
    5.1
    Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің (кө­мек­тің), ДЗ мен МБ- бой­ын­ша ның рас­тал­ма­ған жағ­дай­ла­рын тө­лем­ге ар­нал­ған шот-тір­ке­лім­ге қо­су
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    13
    5.2
    Ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді тұ­ты­ну­шы­ны ха­бар­дар ет­пей және оның ке­лі­сі­мін­сіз бас­қа МСАК ұй­ы­мы­на бе­кі­ту
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    14
    6.0
    Ем­деу – ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­дың, қыз­мет­тер көр­се­ту­дің ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы стан­дарт­тар­дан, қа­ғи­да­лар­дан негіз­сіз ауыт­қуы
    5 КЖН/ЖБН
    30%
    30%
    30%
    30%
    30%
    30%
    30%
    15
    6.1
    Ем­деу нәти­же­сін­де ас­қы­ну­лар­ға/ на­шар­ла­у­лар­ға/өзге­рі­стер­сіз әкел­ген ди­а­гно­сти­ка­лық / ем­деу іс-ша­ра­ла­рын уақ­ты­лы және (неме­се) ти­ісін­ше орын­да­мау
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    16
    6.2
    Ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту ке­зін­де ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­рын сақ­та­мау
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    17
    6.3
    ДЗ мен МБ тіз­бе­сі бой­ын­ша пре­па­рат­тар­мен, МБ, оның ішін­де АДҚ бой­ын­ша уақ­ты­лы қам­та­ма­сыз ет­пе­уы
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    18
    6.4
    Дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды негіз­сіз та­ғай­ын­дау/жа­зып бе­ру
    +
    -
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    19
    7.0
    Қыз­мет­тер­ді кү­ту ұз­ақ­тығы 15 жұ­мыс кү­ні­нен аса­ды
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    20
    8.0
    Ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін кө­мек­тің (қыз­мет­тер­дің) са­па­сы мен кө­ле­міне ша­ғым­дар
    30 КЖН/ЖБН
    100%
    100%
    50%
    50%
    50%
    50%
    50%
    21
    9.0
    Ста­ци­о­нар дең­гей­ін­де тө­ле­у­ге жат­пай­тын өлім/АЕК/же­дел жәр­дем дең­гей­ін­де­гі өлім
    50 КЖН/ЖБН
    -
    -
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    22
    10.0
    Кли­ни­ка­лық ди­а­гноз­дың мор­фо­ло­ги­я­лық неме­се па­то­ло­ги­я­лық ди­а­гноз­дар­мен сәй­кес кел­меу жағ­дай­ла­ры
    20 КЖН/ЖБН
    -
    -
    50%
    50%
    50%
    50%
    50%
    23
    11.0
    Ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (кө­мек­ті) са­тып алу шар­ты­на ен­гі­зіл­ме­ген ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (кө­мек)
    30 КЖН/ЖБН
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    24
    12.0
    ТМККК/МӘМС-ке кі­ре­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ті ақы­лы негіз­де көр­се­ту
    50 КЖН/ЖБН
    100%
    100%
    50%
    50%
    50%
    50%
    50%
    25
    12.1
    ТМККК/МӘМС-ке кі­ре­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек (қыз­мет­тер) көр­се­ту ке­зін­де па­ци­ент­тің дә­рі­лік затта­рын, ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­да­рын тар­ту
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    26
    12.2
    ТМККК/МӘМС-ке кі­ре­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту ке­зін­де па­ци­ент­тің ақ­ша­лай қа­ра­жа­тын тар­ту
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    27
    12.3
    Ақы­лы негіз­де көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің шот-ті­зі­лі­міне ен­гі­зу
    +
    +
    +
    100%
    100%
    100%
    100%
    100%
    28
    14.0
    Қа­был­дау бө­лім­ше­сі дең­гей­ін­де ем­де­у­ге жат­қы­зу­дан негіз­сіз бас тар­ту
    -
    -
    -
    100%
     кестенің жалғасы
    р/с №
    Же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек (1-4 са­нат) (ай­ы­на 1 адам­ға шақ­қан­да­ғы же­дел жәр­дем­нің жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы нор­ма­ти­ві­нің есе­лі­гін­де)
    Ауыл хал­қы­на ме­ди­ци­на­лық кө­мек (ай­ы­на 1 ауыл тұр­ғы­ны­на ба­за­лық ке­шен­ді жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы нор­ма­тив­тің есе­лі­гін­де (БКЖН)
    Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік кө­мек
    Па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ди­а­гно­сти­ка (қыз­мет құ­ны­нан)
    Қан­ды және оның ком­по­нент­те­рін дай­ын­дау, өң­деу, сақ­тау және өт­кі­зу, қан пре­па­рат­та­рын өн­ді­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер (қыз­мет құ­ны­нан)
    Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша бұ­зу­шы­лық­тар түр­ле­рін гра­да­ци­я­лау
    Пси­хи­ка­лық және мі­нез-құлық бұ­зы­лы­ста­ры бар (ау­ру­ла­ры бар) адам­дар­ға (ке­шен­ді та­риф­тің (КТ) есе­лі­гі
    Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­ға (ке­шен­ді та­риф­тің есе­лі­гі (КТ)
    АИТВ ин­фек­ци­я­сын жұқ­тыр­ған­дар­ға (ке­шен­ді та­риф­тің (КТ) есе­лі­гі/қыз­мет құ­ны­нан)
    1
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    1
    20 ЖБН
    20 КЖН
    5 КТ
    1КТ
    1 КТ / 100 %
    100%
    100%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    2
    -
    +
    +
    +
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    3
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    4
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    еле­у­сіз бұ­зу­шы­лық­тар
    5
    -
    10 КЖН
    -
    -
    100%
    100%
    100%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    6
    -
    +
    -
    -
    +
    +
    +
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    7
    -
    +
    -
    -
    +
    +
    +
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    8
    -
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    9
    -
    10 КЖН
    -
    -
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    10
    -
    15 КЖН
    -
    -
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    11
    100 ЖБН
    100 КЖН
    3 КТ
    3 КТ
    3 КТ / 300 %
    300%
    300%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    12
    +
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    13
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    14
    15 ЖБН
    5 КЖН
    3 КТ
    0,3 КТ
    1 КТ
    30%
    50%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    15
    +
    +
    +
    +
    +
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    16
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    17
    +
    +
    +
    +
    +
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    18
    -
    +
    +
    +
    +
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    19
    0
    0
    0
    0
    0
    0
    -
    еле­у­сіз бұ­зу­шы­лық­тар
    20
    25 ЖБН
    30 КЖН
    3 КТ
    0,5 КТ
    1 КТ
    100%
    100%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    21
    100 ЖБН
    50 КЖН
    6 КТ
    1 КТ
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    22
    -
    20 КЖН
    3 КТ
    0,5 КТ
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    23
    -
    30 КЖН
    -
    -
    -
    100%
    100%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    24
    50 ЖБН
    50 КЖН
    1 КТ
    0,5 КТ
    1 КТ / 100 %
    50%
    50%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    25
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    26
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    27
    +
    +
    +
    +
    +
    100%
    100%
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    28
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    еле­улі бұ­зу­шы­лық­тар
    Ескертпе:
    *3.0, 3.1, 3.2, 5.0, 5.1, 5.2 кодтарына қолданылады
    «+» белгісі – ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылады;
    «–» белгісі – ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылмайды
     Қысқартулар тізімі:
    АББ – ауруларды басқару бағдарламасы;
     АДҚ – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
     АЕК – амбулаториялық емханалық көмек;
     АЖ – ақпараттық жүйе;
     ӘППҰ – әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі;
     БЖЖБН – базалық жан басына шаққандағы кешенді норматив;
     ДЗ – дәрілік заттар;
     ЖБН – жан басына шаққандағы норматив;
    КЖН – кешенді жан басына шаққандағы норматив;
    КТ – кешенді тариф;
    КШТ - клиникалық шығындық топтар
    МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.
     МБ – медициналық бұйымдар;
    МСАК –медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
    ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.