«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18639 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz «цифрлық үкімет» веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.
Кинематография саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың цифрлық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден – «цифрлық үкімет» шлюзы арқылы алады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
1) 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын;
2) 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он алтыншы абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 ақпандағы
№ 81-НҚ Бұйрығына
Фильмге прокаттау
куәлігін беру қағидаларына
нысан
_____________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы,
орган басшысының тегі, аты,
әкесінің аты
(ол болған жағдайда) кімнен
__________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі,
аты, жөні немесе жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда)
Өтініш
Сізден__________________фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын. (фильмнің атауы) БСН/ЖСН: (автоматты түрде)_______________________________________ Мекен жайы: Пошталық индексі:________________________________________________ Ел/облыс/аудан/елді мекен:_________________________________________ Көше атауы:_____________________________________________________ Үй/ғимарат нөмірі:________________________________________________ Үй индексі:______________________________________________________ Пәтердің/кеңсенің нөмірі:__________________________________________ Телефон нөмірлері:________________________________________________ Электрондық мекен-жайы (e-maіl):__________________________________ Фильм туралы мәлімет Фильмнің атауы: _________________________________________________ Өндіруші ел: _____________________________________________________ Өндіруші студия: ________________________________________________ Шығарылған жылы: ______________________________________________ Фильм пішімі: ___________________________________________________ Фильмнің хронометражы: __________________________________________ Сценарий авторы (лар): ___________________________________________ Қоюшы режиссер (лар): ___________________________________________ Қоюшы оператор(лар):_____________________________________________ Қоюшы суретші (лар): Музыкалық шығарманың авторы: ___________________________________ Продюсер(лар): __________________________________________________ Фильм серияларының саны: ________________________________________ Фильмнің жанры: _________________________________________________ Фильм тілі: ______________________________________________________ Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы (прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге асырылатын фильмдерді қоспағанда): ______________________________ Фильмнің түрі: ___________________________________________________ Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ___________тиесілі Фильмді пайдалану құқығының санаты: ______________________________ Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: _______дейін:____ Жас санаты белгісі:_______________________________________________ ________________________________________________________________ (заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Мәдениет және
ақпарат министрінің
2026 жылғы ___
№____ Бұйрығына
Фильмге прокаттау
куәлігін беру қағидаларына
|
«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
||
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті
|
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
|
Жоқ
|
|
3.
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) ұсыну тәсілдері
|
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету мерзімі
|
7 (жеті) жұмыс күні, ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету нәтижесін ұсыну нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған)
|
|
6.
|
Мемлекеттiк қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету нәтижесi
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
|
7.
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
8.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mam.gov.kz интернет-ресурсында, www.elicense.kz порталында орналастырылған.
|
|
9.
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі);
3) жас санатын анықтау үшін бар барлық көріністерді сипаттай отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы;
4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтер. Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік цифрлық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден – «цифрлық үкімет» шлюзы арқылы алады.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбауы;
3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, дәстүрлі емес, сексуалдық бағдарды, педофилияны, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталуы;
4) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, қазақ тілінде жасалмаған фильмге дубляж жасалмаған не субтитрленбеген не қазақ тіліне кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;
5) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрмен не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
|
|
11.
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mam.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.