Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 ақпан 2026 ж.

    Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Калигожин

    Глубокое аудандық мәслихатының

    2026 жылғы 25 ақпандағы

    № 33/6-VIII шешіміне

    қосымша

    Глубокое аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

    1. Глубокое аудандық мәслихатының «Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-188 болып тіркелген).

    2. Глубокое аудандық мәслихатының «Глубокое ауданының аумағында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтардың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» 2019 жылғы 24 мамырдағы № 32/8-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5985 болып тіркелген).

    3. Глубокое аудандық мәслихатының «Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VІ «Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 29 сәіурдегі № 5/4-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8791 болып тіркелген).

    4. Глубокое аудандық мәслихатының «Глубокое ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/3- VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8982-16 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.