Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 және «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 және «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

    10-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «13) үш жастан он сегіз жасқа дейін қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметі барысында ұсталған ата-ананың немесе заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ерекше режимде ұсталатын білім беру ұйымдарына, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КТБО) және Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына (бұдан әрі –БҚО) жеткізеді;»;

    10-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшасымен толықтырылсын:

    «14-1) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес осы Қадидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорғау нұсқамасын шығарады;»;

    23-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «құқыққа қайшы мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау бойынша;»;

    24-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) кәмелетке толмағанды ата-анасына немесе заңды өкілдеріне беру мүмкін болмаған жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды КТБО-ға, БҚО-ға орналастыру туралы қаулы шығарады.»;

    25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Актінің бірінші данасы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ІІО ақпараттарды есепке алу кітабында тіркеледі, екіншісі КТБО-ға, БҚО-ға не өзге білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі және үшіншісі номенклатуралық іске тігіледі.»;

    27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «27. Профилактикалық есеп және бақылау:

    1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;

    2) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын теріс қылықтар жасаған;

    3) оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда айыпталушы немесе күдікті;

    4) оларға қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;

    5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылған;

    6) арнайы білім беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының түлектеріне;

    7) қорғау нұсқамасы шығарылған;

    8) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шаралары қолданылған;

    9) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, сотпен жазадан босатылған;

    10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12)-тармақтары немесе 36-бабы негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған;

    11) адамның психикалық және тәндік функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер ететін алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді және өзге де күшті әсер ететін заттарды шамадан тыс пайдаланатын;

    12) қадағалаусыз және панасыз қалған;

    13) психикалық бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы артта қалуы салдарынан қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық белгілерді қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылады.

    Сондай-ақ профилактикалық есепке алу және бақылау кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты қолданылады.

    28. Профилактикалық есепке алуды жүргізу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактика жүргізілетін адамдар санатымен айқындалады.

    Профилактикалық есепке қойған кезде кәмелетке толмағанға, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығы түсіндіріледі.

    Профилактикалық есепке алуда қамтылған мәліметтер құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

    Кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарды, заңды өкілдерді профилактикалық есепке алу тұлғаның жеке ерекшеліктері, оның қоғамға жат мінез-құлқының сипаты мен дәрежесі, ол жасаған іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) қауіптілігі ескеріле отырып ішкі істер органы басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен ұзартылады.

    30, 31 және 32- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «30. Кәмелетке толмағандарға қатысты профилактикалық бақылау осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке профилактикалық жұмыс жоспарына (бұдан әрі — Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

    Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау жөніндегі міндеттерін орындамайтын не тиісінше орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты профилактикалық бақылау осы Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке профилактикалық жұмыстың жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жоспарлар профилактикалық есепке қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жасалады және ішкі істер органы бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.

    Профилактикалық есепте тұрған адамдармен жүргізілетін жеке профилактикалық жұмыстың барысын бақылауды ішкі істер органы бастығының орынбасары (қызметі бойынша) жүзеге асырады, ол профилактикалық бақылауды жүргізілуін тоқсан сайын тексереді.

    31. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген әрбір адамға, 27-тармағының 1) тармақшаны қоспағанда, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдарға жинақтау ісі басталады.

    Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдар туралы мәліметтер оларды ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қоюға негіз болып табылатын материалдар түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интеграцияланған деректер банкіне (бұдан әрі — ІІМ ИДБ) енгізіледі.

    32. Кәмелетке толмаған ІІО-ға бірнеше санат бойынша қойылуға жатқызылған жағдайларда, КТІ УПИ оларды есепке алуды анағұрлым маңызды санат бойынша жүзеге асырады. Санаттың маңыздылығы осы Қағидалардың 27-тармағының иерархияларына сәйкес айқындалады.»;

    34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «34. Осы Қағидалардың 27-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11)-тармақшаларында көрсетілген адамдарды ІІО есебіне қойғаннан кейін үш тәулік ішінде, ІІО кеңсесі арқылы криминалдық полиция бөліністеріне жедел бақылауды қамтамасыз ету үшін осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы баянаттың көшірмесі, шолу анықтама жолданады.»;

    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 6-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 7-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 10-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

    қағидаларға 11-қосымша алып тасталсын;

    осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 11-1-қосымшамен толықтырылсын;

    осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 12-1-қосымшамен толықтырылсын;

    осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 13-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    аталған бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. БДБ-ға сатып алынған жол жүру билеттері (теміржол, авиа-билеттер) бойынша ақпаратты жүктеу кезінде және «Бастамашылық сұрау салулар» БДБ-ның кіші жүйесімен «Есептегі элемент» БДБ-ның: «234-ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген әкімшілік қадағалау орнатылған адам», «235- ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам» санаттары бойынша есепте тұрған адамдарға сәйкестіктер анықталады.»;

    осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қағидаға 4-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Ішкі істер органдарының

    кәмелетке толмағандардың

    істері жөніндегі учаскелік

    полиция инспекторларының

    қызметін ұйымдастыру

    қағидаларына

    2-1-қосымша

    нысан

    Қорғау нұсқамасы

    ___ сағат ____ минут 20___ жылғы «____» _____________ _______________________________________________________________________________________________ (облыс, қала, аудан, ауылдық округ)

    «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабын басшылыққа ала отырып, азамат (ша)______________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (жәбірленушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азамат (ша)_________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (құқық бұзушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Туған жылы, күні, айы ____________________________________________________________________________ Мекенжайы ____________________________________________________________________________________ азамат(ша)_______________________________________________________ қатысты мынадай: жәбірленушінің (жәбірленушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) зорлық-зомбылық жасауға, отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан оны іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Азамат_________________________________________________________ (құқық бұзушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) құқық бұзушылық жасауы қорғау нұсқамасын енгізу үшін негіз болып табылады, атап айтқанда: ____________ _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (құқық бұзушылықтың уақыты, орны, фабуласы) _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Осы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Қорғау нұсқамасы 30 тәулік мерзімге шығарылады. Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі ол азамат _____________________ ______________________________________________________________________ (құқық бұзушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ___________________________________________ тапсырылған сәттен басталады.

    М.О.______________________________ (лаузымы, ІІО атауы) ___________________________________ _____________________________________________ _____________________________________________ (атағы, қорғау нұсқамасын шығарған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    Қорғау нұсқамасымен таныстым: ________________________________________ 20__ жылғы «___» __(құқық бұзушының қолы және тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    Алғаны туралы қолхат:

    Қорғау нұсқамасының көшірмесін алдым, қорғау нұсқамасын бұзған жағдайдағы құқықтармен және құқықтық салдарымен таныстым:________________________ ________________________________________________________________________________ (құқық бұзушының қолы және тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20___ жылғы «____»

    _____________________________________________________________________________ (жәбірленушінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20__ жылғы «____»

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Ішкі істер органдарының

    кәмелетке толмағандардың

    істері жөніндегі учаскелік

    полиция инспекторларының

    қызметін ұйымдастыру

    қағидаларына

    6-қосымша

    Бекітемін

    ___________________________

          (лауазымды адамның лауазымы,

    ___________________________

          атағы, тегі, аты-жөні)

    20 __ ж. «___» _________

    Нысан

    Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына/ Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына кәмелетке толмағанды орналастыру туралы қаулы

    20 __ жылғы «__» ____ «___» сағат «__» минут _______ қаласы, ауданы Мен ______________________________________________________________________, (ішкі істер органдары қызметкерінің лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні) ___________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, туған жері, оқу, ___________________________________________________________________________ жұмыс орны, лауазымы, ата-анасының немесе ___________________________________________________________________________ заңды өкілдерінің өмірбаяндық деректері, олардың жұмыс орны, лауазымы) _______________________________________ материалдарды қарап, _______________ ___________________________________________________________________________ (жасөспірімді қашан, кім ұстағаны (тауып алғаны), оны КБО-ға / БҚО-ға орналастыруға ___________________________________________________________________________ қандай негіздер бар екені көрсетіледі, бұл қандай негіздермен расталады) _________________________________________________________________анықтадым. Қаулы еттім: Кәмелетке толмаған _________________________________________________________ (тегі, аты-жөні) ___________________________________________________________________________ (КБО-ның /БҚО-ның атауы) ___________________________________________________________ орналастырылсын. (лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    3-қосымша

    Ішкі істер органдарының

    кәмелетке толмағандардың

    істері жөніндегі учаскелік

    полиция инспекторларының

    қызметін ұйымдастыру

    қағидаларына

    7-қосымша

    Нысан

    Адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акті

    20 __ жылғы «___» _____________ ________________ қаласы, ауданы Мен_____________________________________________________________________________ (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____ сағ ____ мин _________________________________________________________________ (ІІО бөлінісінің атауы) азамат, ішкі істер органының қызметкері ______________________________________________ _________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, тұрғылықты жері, байланыс телефоны) _________________________________________________________________________________ (баланы тапқан орны, уақыты және мән-жайлар) _______________________________табылған баланың жеткізілгені туралы осы актіні жасадым. Баланың белгілері _________________________________________________________________ (жас шамасы, сөйлей ала ма) __________________________________________________________________________________ Баланың үстіндегі киімдері __________________________________________________________ Мыналарды анықтау мүмкін болды ___________________________________________________ (баланың, оның ата-анасының немесе заңды __________________________________________________________________________________ өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), баланың жасы, ата-анасының __________________________________________________________________________________ тұрғылықты жері, жұмыс орны, лауазымы, іс үшін маңызды басқа да деректер) __________________________________________________________________________________ (сырт қарағанда баланың дені сау, ауру, дене жарақаттары бар және тағы басқа) __________________________________________________________________________________ (актіні жасаған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, баланы жеткізген __________________________________________________________________________________ адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бала 20__ жылы «___» ________ сағат ___ минутта _______________________________________________________________________ тапсырылды. (ата-анасына немесе заңды өкілдеріне) Бала ______________________________________________________________________________ (медицина мекемесінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, арнаулы әлеуметтік _________________________________________________________________________ жіберіледі. қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының атауы, басқа мекемелердің атауы) Баланы қабылдадым ________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы) Тапсырдым ________________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы) 20___ жылғы «___» _________ сағат ____ минут ____

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    4-қосымша

    Ішкі істер органдарының

    кәмелетке толмағандардың

    істері жөніндегі учаскелік

    полиция инспекторларының

    қызметін ұйымдастыру

    қағидаларына

    10-қосымша

    Нысан

    Профилактикаланатын тұлғалардың санаттары

    Р/с
    Про­фи­лак­ти­ка­ла­на­тын адам­дар са­на­ты
    Есеп­ке қо­ю­дың негі­зі
    1
    2
    4
    1.
    Жа­за­сын өте­уден шар­тты түр­де мерзi­мi­нен бұ­рын боса­ты­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, сот ше­ші­мі
    2.
    Қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық ба­ста­ла­тын жас­қа тол­мауы­на бай­ла­ны­сты қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа жат­пай­тын, қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық бел­гі­ле­рі бар іс-әре­кет­тер жа­са­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, тер­ге­у­ші­нің қыл­мыстық іс­ті тоқ­та­ту ту­ра­лы қа­улы­сы
    3.
    Өзде­ріне қа­ты­сты қа­м­ақ­қа алу­мен бай­ла­ны­сты емес бұл­тарт­пау ша­ра­ла­ры таң­дал­ған қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар жа­са­уда ай­ып­ты неме­се кү­дік­ті кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, тер­ге­у­ші­нің ха­бар­ла­ма­сы
    4.
    Өзде­ріне қа­ты­сты бос уа­қы­тын шек­теу және мі­нез-құлық­қа ерекше та­лап­тар бел­гі­леу ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, сот ше­ші­мі
    5.
    Қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі ме­ке­ме­ле­рі­нен боса­ты­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, боса­ты­луы ту­ра­лы анық­та­ма
    6.
    Ар­найы бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­ның және ерекше ре­жим­де ұстай­тын бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­ның тү­лек­те­рі
    Ба­я­нат, сот ше­ші­мі, ар­найы бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры мен ерекше ре­жим­де ұстай­тын бiлiм бе­ру ұй­ым­да­рын­да бо­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы ту­ра­лы анық­та­ма
    7.
    Олар­ға қа­ты­сты қор­ғау ұй­ға­ры­мы шы­ға­ры­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, қор­ғау ұй­ға­ры­мы
    8.
    Шар­тты түр­де сот­тал­ған, қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға тар­ту­ға сот­тал­ған, тү­зе­ту жұ­мыста­ры­на сот­тал­ған, бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру­мен бай­ла­ны­сты емес жа­за­лар­дың өзге де түр­ле­ріне сот­тал­ған, сон­дай-ақ жа­за­сын өтеу кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған неме­се үкім­ді орын­дау кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, сот ше­ші­мі
    9.
    Он­ша ауыр емес неме­се ауыр­лы­ғы ор­та­ша қыл­мыс жа­са­ға­ны үшін сот­тал­ған және тәр­би­е­лік ық­пал ету­дің мәж­бүр­леу ша­ра­ла­рын қол­да­на оты­рып, сот жа­за­дан боса­тқан кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, сот ше­ші­мі
    10.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық-про­це­стік ко­дек­сі­нің 35-ба­бы­ның бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 3), 4), 9), 10) және 12) тар­мақ­та­ры неме­се 36-ба­бы­ның негі­зін­де қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны үшін оның ішін­де ра­қым­шы­лық неме­се ке­ші­рім жа­сау ак­ті­сі нәти­же­сін­де қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­тен неме­се жа­за­дан боса­ты­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, сот ше­ші­мі, тер­геу бө­лі­ні­сте­рі­нің қа­улы­сы
    11.
    Адам­ның пси­хи­ка­лық және тән­дік функ­ци­я­ла­ры мен мі­нез-құл­қы­на те­ріс әсер ете­тін ал­ко­голь­дік ішім­дік­тер­ді, есірт­кі затта­рын, пси­хо­троп­тық заттар­ды, сол тек­те­стер­ді және өзге де кү­ш­ті әсер ете­тін заттар­ды ша­ма­дан тыс пай­да­ла­на­тын кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­нан анық­та­ма
    12.
    Қа­да­ға­лау­сыз және па­на­сыз қал­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың іс­те­рі және олар­дың құқық­та­рын қор­ғау жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­ның ше­ші­мі,
    си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар (оқу, жұ­мыс ор­ны, тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша мі­нез­де­ме)
    13.
    Пси­хи­ка­лық бұ­зы­лу­лар­мен бай­ла­ны­сты емес пси­хи­ка­лық да­му­да арт­та қа­лу сал­да­ры­нан қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке жат­пай­тын қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық бел­гі­ле­рін қам­ти­тын әре­кет­тер жа­са­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
    Ба­я­нат, тер­геу бө­лі­ні­сте­рі­нің қа­улы­сы
    14.
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды тәр­би­е­леу, оқы­ту және (неме­се) қа­рау бой­ын­ша өзде­рі­нің мін­дет­те­рін орын­да­май­тын, сон­дай-ақ олар­дың мі­нез-құл­қы­на те­ріс әсер ете­тін кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­сы, заң­ды өкіл­де­рі
    Ба­я­нат
    Ескертпе: 2), 3), 5), 6), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмаған тұлғаларды және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарды, заңды өкілдерді профилактикалық есепке алу тұлғаның жеке ерекшеліктері, оның қоғамға жат мінез-құлқының сипаты мен дәрежесі, ол жасаған іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) қауіптілігі ескеріле отырып жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    5-қосымша

    Ішкі істер органдарының

    кәмелетке толмағандардың

    істері жөніндегі учаскелік

    полиция инспекторларының

    қызметін ұйымдастыру

    қағидаларына

    11-1-қосымша

    Нысан

    БЕКІТЕМІН

    ҚАПб(Б) бастығы (орынбасары)

    Атағы ____________________

    Тегі, аты, әкесінің аты

    (болған жағдайда) __________

    Күні, айы, жылы «___» _____

    Кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыстың жоспары (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні)

    р/с№
    Жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар
    Мер­зі­мі
    Аяқ­тау ны­са­ны
    Мін­дет­ті про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар
    1
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның және оның ата-ана­ла­ры­мен тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша про­фи­лак­ти­ка­лық әң­гі­ме жүр­гі­зе­ді.
    Тү­сі­нік­те­ме
    2
    Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар жи­най­ды (көр­ші­лер­ден сұ­рау)
    Тү­сі­нік­те­ме (жа­з­ба­ша тү­сі­нік­те­ме бе­ру­ден бас тар­тқан жағ­дай­да ба­я­нат жа­са­ла­ды)
    3
    Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар сұ­ра­та­ды
    Мі­нез­де­ме
    4
    Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен бір­ле­сіп, тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­ды зерт­те­уді жү­зе­ге асы­ра­ды
    Тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­дың ак­ті­сі
    5
    Жа­ғым­ды және жа­ғым­сыз бай­ла­ны­стар­дың сыз­ба­сы жа­са­ла­ды
    Бай­ла­ныс сыз­ба­сы
    6
    ІІМ-нің бі­рік­ті­рі­л­ген де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды
    БДБ анық­та­ма­сы
    Жұ­мыспен қам­ту, де­ма­лы­сты, бос уа­қыт­ты ұй­ым­да­сты­ру және жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық іс-ша­ра­лар
    7
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың іс­те­рі және олар­дың құқық­та­рын қор­ғау ко­мис­си­я­сы­на (бұ­дан әрі – КІжҚҚК) жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру бой­ын­ша кө­мек көр­се­ту ту­ра­лы өті­ніш жол­дай­ды.
    Өті­ніш
    8
    Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­ға кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың де­ма­лы­сын, бос уа­қы­тын және ең­бек­пен қам­ты­луын ұй­ым­да­сты­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өті­ніш жол­дай­ды
    Өті­ніш
    Же­ке про­фи­лак­ти­ка­ның ал­дын алу (соң­ғы) ша­ра­ла­ры
    9
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның мі­нез-құл­қын қа­рау үшін КІжҚҚК-ге өті­ніш жол­дай­ды
    КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
    10
    Ба­ла­лар­ды тәр­би­е­леу бой­ын­ша мін­дет­те­рін орын­да­ма­ға­ны үшін әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­ла­рын не заң­ды өкіл­де­рін тар­ту ту­ра­лы сот­қа ма­те­ри­ал­дар­ды жа­сай­ды және жол­дай­ды.
    Сот­тың ше­ші­мі
    11
    КІжҚҚК-нің ал­дын­да кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на не ерекше ұстау ре­жи­мі­мен бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на жі­бе­ру ту­ра­лы өті­ніш жа­сай­ды.
    КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
    12
    Сот­қа кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на не ерекше ұстау ре­жи­мі­мен бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы ма­те­ри­ал­дар­ды жол­дай­ды.
    Сот­тың ше­ші­мі
    Же­ке про­фи­лак­ти­ка­лық жұ­мыстың қо­ры­тындыс­ын шы­ға­ру
    13
    Тү­зе­ту неме­се кәме­лет­ке тол­ма­ған­ға қа­ты­сты же­ке про­фи­лак­ти­ка ша­ра­ла­рын одан әрі жүр­гі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы қо­ры­тынды­мен осы жос­пар­дың тар­мақ­та­рын орын­дау ту­ра­лы анық­та­ма жа­са­ла­ды.
    Анық­та­ма
    Ескертпе: Профилактикалық мерзімін ескере отырып, жоспарда көзделген іс-шаралармен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыруға жол беріледі.

    КЕЛІСІЛДІ ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлінісінің бастығы Атағы ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________ күні, айы, жылы «___» ____ ____

    ҚАПб(Б) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Атағы ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________ күні, айы, жылы «___» _____

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    6-қосымша

    Ішкі істер органдарының

    кәмелетке толмағандардың

    істері жөніндегі учаскелік

    полиция инспекторларының

    қызметін ұйымдастыру

    қағидаларына

    12-1-қосымша

    нысан

    БЕКІТЕМІН

    ҚАПб(Б) бастығы (орынбасары)

    Атағы ____________________

    Тегі, аты, әкесінің аты

    (болған жағдайда) _________________

    Күні, айы, жылы «___» _____

    Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыстың жоспары (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні)

    р/с №
    Жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар
    Мер­зі­мі
    Аяқ­тау ны­са­ны
    Мін­дет­ті про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар
    1
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды тәр­би­е­леу, оқы­ту және (неме­се) асы­рау бой­ын­ша өз мін­дет­те­рін орын­да­май­тын кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың, сон­дай-ақ олар­дың мі­нез-құл­қы­на те­ріс әсер ете­тін ата-ана­ла­ры неме­се бас­қа да заң­ды өкіл­де­рі­мен тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша про­фи­лак­ти­ка­лық әң­гі­ме жүр­гі­зе­ді.
    Ба­ян,
    тү­сі­нік­те­ме
    2
    Тұр­ғы­лық­ты же­рі (көр­ші­лер­ден сұ­рау) және жұ­мыс ор­ны бой­ын­ша си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар жи­най­ды
    Тү­сі­нік­те­ме (жа­з­ба­ша тү­сі­нік­те­ме бе­ру­ден бас тар­тқан жағ­дай­да ба­я­нат жа­са­ла­ды)
    3
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­ла­ры оқи­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар­ды сұ­ра­та­ды
    Мі­нез­де­ме
    4
    Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен бір­ле­сіп, тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­ды зерт­те­уді жү­зе­ге асы­ра­ды
    Тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­дың ак­ті­сі
    5
    Жа­ғым­ды және жа­ғым­сыз бай­ла­ны­стар­дың сыз­ба­сы жа­са­ла­ды
    Бай­ла­ныс сыз­ба­сы
    6
    ІІМ-нің бі­рік­ті­рі­л­ген де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды
    БДБ анық­та­ма­сы
    Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру, де­ма­лы­сты, бос уа­қыт­ты ұй­ым­да­сты­ру және жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық іс-ша­ра­лар
    7
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың іс­те­рі және олар­дың құқық­та­рын қор­ғау ко­мис­си­я­сы­на (бұ­дан әрі – КІжҚҚК) ата-ана­лар­ды жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру бой­ын­ша кө­мек көр­се­ту ту­ра­лы өті­ніш жол­дай­ды.
    Өті­ніш
    8
    Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­ға кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың де­ма­лы­сын, бос уа­қы­тын және ең­бек­пен қам­ты­луын ұй­ым­да­сты­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өті­ніш жол­дай­ды.
    Өті­ніш
    Же­ке про­фи­лак­ти­ка­ның ал­дын алу (соң­ғы) ша­ра­ла­ры
    9
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның ата-ана­сы­ның не заң­ды өкіл­де­рі­нің мі­нез-құл­қын қа­рау үшін КІжҚҚК-ге өті­ніш жол­дай­ды
    КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
    10
    Ба­ла­лар­ды тәр­би­е­леу бой­ын­ша мін­дет­те­рін орын­да­ма­ға­ны үшін әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­ла­рын не заң­ды өкіл­де­рін тар­ту ту­ра­лы сот­қа ма­те­ри­ал­дар­ды жа­сай­ды және жол­дай­ды.
    Сот­тың ше­ші­мі
    11
    КІжҚҚК ал­дын­да ата-ана­лар құқы­ғы­нан ай­ы­ру (шек­теу) ту­ра­лы өті­ніш жа­сай­ды.
    КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
    12
    Сот­қа ата-ана­лар­дың құқық­та­ры­нан ай­ы­ру (шек­теу) бой­ын­ша ма­те­ри­ал­дар­ды жол­дай­ды.
    Сот­тың ше­ші­мі
    Же­ке про­фи­лак­ти­ка­лық жұ­мыстың қо­ры­тындыс­ын шы­ға­ру
    13
    Тү­зе­ту неме­се кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның ата-ана­сы­на не заң­ды өкіл­де­ріне қа­ты­сты же­ке про­фи­лак­ти­ка ша­ра­ла­рын одан әрі жүр­гі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы қо­ры­тынды­мен осы жос­пар­дың тар­мақ­та­рын орын­дау ту­ра­лы анық­та­ма жа­са­ла­ды.
    Анық­та­ма
    Ескертпе: Профилактикалық мерзімін ескере отырып, жоспарда көзделген іс-шаралармен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыруға жол беріледі.

    КЕЛІСІЛДІ ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлінісінің бастығы Атағы ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________ күні, айы, жылы «___» ____ ____

    ҚАПб(Б) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Атағы ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)__________________ күні, айы, жылы «___» _____

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    7-қосымша

    Ішкі істер органдарының

    кәмелетке толмағандардың

    істері жөніндегі учаскелік

    полиция инспекторларының

    қызметін ұйымдастыру

    қағидаларына

    13-қосымша

    Нысан

    № _______ профилактикалық іс

    _______________________________________________________________ (ішкі істер органының атауы) _______________________________________________________________ есепке алынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________________________________________ тұрғылықты мекенжайы Есепке алу санаты: _______________________________________________________________

    Бақылауды жүзеге асырады: _______________________________________________________________ полиция қызметкерінің атағы, тегі және аты-жөні, лауазымы

    Істі ашу күні: «____» ______________ 20___жыл

    Профилактикалық істі жүргізудің аяқталу күні: «____» _______________20___жыл

    Іс архивте «____» ______________ 20___ жылға дейін сақталсын.

    (профилактикалық істің қаптамасының ішкі бетінде басып шығарылады)

    Өз міндеттерін кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) асырау бойынша орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты және осы Қағидалардың 27-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты профилактикалық істе болатын құжаттардың тізбесі.

    1. Істе бар құжаттардың тізімдемесі.

    2. Тексеруші парағы.

    3. Профилактикалық есепке қою туралы баянат.

    4. Есепке қоюға негізді растайтын материалдар (оның ішінде сот қаулыларының көшірмелері, қорғау нұсқамасы, оқу орнынан берілген ұсыныс және т.б.).

    5. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

    6. Сипаттайтын материалдар (оқу орнынан, тұрғылықты жерінен берілген мінездемелер).

    7. Интеграцияланған деректер банкі және «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесі» есептері бойынша сұрау салудың басып шығарылған нұсқасы.

    8. Кәмелетке толмағанды профилактикалық есепке қою және есептен шығару туралы оның ата-аналарын немесе заңды өкілдерін, кәмелетке толмағанның оқу және (немесе) жұмыс орны әкімшілігін хабардар ету көшірмелері.

    9. Жеке профилактикалық жұмыс жоспары.

    10. Есептегі адамға бақылауды жүзеге асыру барысында жиналған материалдар (анықтамалар, баянаттар және басқалар).

    11. Осы Қағидалардың 27-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты аталған құжаттар тізбесіне қосымша түрде шолу анықтамасы, байланыстар схемасы, профилактикалық есепке қою және есептен шығару туралы хабарламалардың көшірмелері қоса тіркеледі.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 28 ақпандағы

    № 146 Бұйрыққа

    8-қосымша

    Бас бостандығынан айыру

    орындарынан босатылған

    адамдарды есепке алуды

    жүзеге асыру бойынша

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер органдары

    бөліністерінің өзара

    іс-қимыл жасасу

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасы ІІМ ААО-ның анықталған бастамашыл сәйкестіктері бойынша алынған хабарламалар туралы мәліметтер

    Өңір (об­лыс)
    Бар­лы­ғы
    Таң­да­ған тұр­ғы­лық­ты же­ріне кел­ме­ген адам­дар­ға
    ІІО есе­бін­де тұр­ған адам­дар­ға
    Шар­тты түр­де мер­зі­мі­нен бұ­рын боса­ты­л­ған­дар
    Әкім­ші­лік қа­да­ға­лау
    Шар­тты түр­де мер­зі­мі­нен бұ­рын боса­ты­л­ған­дар
    Әкім­ші­лік қа­да­ға­лау
    ІІМ АБ-дан «Ба­ста­ма­шыл сұ­рау са­лу­лар» БДБ сәй­кест­ікте­рі бой­ын­ша аумақ­тық ПД-ға ке­ліп түс­кен ха­бар­ла­ма­лар са­ны
    оның ішін­де
    «ТЖ-би­лет­тер»
    «Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар»
    «Пас­порт»
    «Тір­кел­ген ав­то­кө­лік»
    «Жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі»
    «Тех­ни­ка­лық қа­рау»
    Әкім­ші­лік қа­да­ға­ла­удың бұ­зу­шы­лық­та­ры анық­тал­ды
    Олар бой­ын­ша
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ҚК-нің 431-ба­бы бой­ын­ша СДТ­БТ-ге ма­те­ри­ал­дар­дың тір­кел­ге­ні
    ШТМББ шек­теу бел­гі­лен­ген бұ­зу­шы­лық­тар­дың анық­тал­ға­ны
    Олар бой­ын­ша
    ШТМББ алып та­стал­ды
    Тү­зе­ту­лер ен­гі­зу және есеп­ке қою ту­ра­лы қа­был­дан­ған ше­шім
    Есеп­тен шы­ға­рыл­ды
    оның ішін­де
    тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты
    қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­луы­на бай­ла­ны­сты
    ШТМББ қа­улы­сы­ның жой­ы­луы­на бай­ла­ны­сты

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.