«Рудныйсоколовстрой» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 наурыз 2026 ж.

    «Рудныйсоколовстрой» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Рудныйсоколовстрой» акционерлік қоғамына мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

    Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында байланыс тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0050 га;

    Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында электр беру желісін төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0057 га;

    Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында сумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0107 га;

    Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0144 га.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    В. Ионенко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.