«Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қаңтар 2026 ж.

    «Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы2 қыркүйектегі № 604 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеуші саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларында:

    4-тармақта 3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін өртті ерте анықтау-2 жүйелерін, көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтардың немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжаттың негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын және патрульдік көлікті осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көзделген сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға жылдық 12,6 %-дан аспайды. Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері оператордың қаражатын ұйымның өзге қаражатымен 40/60 пропорциясында микширлеу есебінен белгіленеді;»;

    үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды және (немесе) жаңа өнім үшін қайталама ресурстар пайдаланылатын шикізатты, материалдарды, заттарды, компоненттерді өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру шеңберінде техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндірістің техникасы сатып алынады (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша)»;

    мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

    «Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көзделген отандық өндіріс техникасын көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтардың немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжаттың негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі осы Қағидалардың 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.