Алматы қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алматы қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің регламенті бекітілсін.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылсын.

    3. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыру бойынша шаралар қабылдасын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Б. Нұрпейісовке жүктелсін.

    Алматы қаласы әкімі

    Е. Досаев

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2022 жылғы «26» тамыздағы № 3/420

    қаулысына 1-қосымша

    Алматы қаласы әкімдігінің регламенті

    1. Жалпы ережелер

    1. Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын Алматы қаласын дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

    2. Алматы қаласының әкімі (бұдан әрі - әкім) әкімдік құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі - Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері) бiрiншi басшыларынан құрады.

    Әкім әкімдік мүшелерінің санын айқындайды.

    3. Әкімдік қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Регламентпен реттеледі.

    4. Әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді Алматы қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.

    5. Әкімдік іс қағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    6. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық банкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).

    7. Әкімнің орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен аппарат басшысы әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің қарауға енгізілетін жобаларының осы Регламентте белгіленген өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

    8. Сот актілеріне (шешімдер мен ұйғарымдар) ілеспе хаттар, сондай-ақ аппаратқа келіп түсетін сот хабарламалары белгіленген тәртіппен тіркеледі және аппараттың заң бөліміне беріледі, оның басшысы оларды құзыреті бойынша аппараттың басқа бөлімдеріне және/немесе әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне қажетті шаралар қабылдау үшін жібереді.

    9. Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалдық қабылдау бөлмесінің желісі бойынша келіп түсетін азаматтардың өтініштерін қарау және орындау барынша жедел мерзімде жүзеге асырылады.

    2. Жұмысты жоспарлау

    10. Әкімдік мүшелерінің және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін аппарат жасайды, әкім бекітеді.

    Егер әкімнің тапсырмаларында өзге мерзімдер көзделмесе, мәжіліс өткізілетін болжамды күнге дейін кемінде күнтізбелік 5 күн бұрын жүзеге тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.

    3. Әкімдік мәжілістерін және қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі

    11. Әкімдік мәжілістері тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және оны әкім шақырады.

    Әкімдік мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған кезде - әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді. Әкімдік мәжілістері ашық болады және мемлекеттік тілде және немесе орыс тілінде жүргізіледі.

    Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжілістерде қаралуы мүмкін.

    12. Әкімдік мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.

    Әкімдіктің мәжілісінде мәселелерді қарау нәтижелері бойынша әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен шешім қабылданады.

    13. Әкімдіктің мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, Алматы қаласы аудандарының әкімдері, сондай-ақ кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады. (үгілік регламенттен алынған норма)

    14. Аппараттың және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің әкімдік мәжілістерінде қарауға мәселелер дайындауы мынандай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

    Әкімдік мәжілісінде енгізілетін құжаттарға құжатты енгізетін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшысы алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;

    әкімдіктің мәжілісіне енгізілетін құжаттарға қажетіне қарай қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;

    аппарат немесе мәселе енгізетін әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшесі талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айқындайды және нақтылайды.

    Аппарат шақырылғандардың келуін қамтамасыз етеді.

    15. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберлім көрсеткішіне сәйкес ол бекітілген күні әкімдік мүшелеріне, шақырылғандарға және ал қажетіне қарай басқа да лауазымды адамдарға таратады.

    Күн тәртібінің мәселелері құзыретіне кіретін қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері барлық қажетті материалдарды ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөліміне, инспекторлық бөлімге ұсынады.

    Жоспарлы (аппаратық, маслихаттың сессиялары, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша және басқа) кеңестерге материалдар кеңес өткізілгенге дейін емінде күнтізбелік 3 күн бұрын ұсынылады.

    Жедел кеңестерге материалдар кеңес өткізілетін күннің алдындағы жұмыс күні сағат 18.00-ге дейін ұсынылады.

    Тиісті органдар материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда, аппарат басшысы ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі жасаған тиісті актінің негізінде әкімге немесе оны алмастыратын адамға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді.

    Материалдарды уақытылы және сапасыз ұсынғаны үшін жауапкершілік әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларына жүктеледі.

    Әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкімдік мәжілісін (кеңесін) өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппарат басшысымен келісілгеннен кейін аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін.

    Әкімдіктің мәжілісінде мәселені қарауға бастама көтерген әкімдіктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы іс-шара өткізілгенге дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей аппаратқа қажетті материалдарды ұсынады.

    Әкімнің қатысуымен өткізілетін кеңестерге ұсынылатын материалдар міндетті түрде мынадай құжаттарды қамтуы тиіс:

    1) күн тәртібі;

    2) қатысушылар тізімі;

    3) жүргізу тәртібі;

    4) қосымша материалдар.

    Әкімнің қатысуымен өтетін көшпелі кеңестерге ұсынылатын материалдар міндетті түрде мынадай құжаттарды қамтуы тиіс:

    1) іс-шара бағдарламасы;

    2) қозғалыс (маршрут) сызбасы;

    3) көшпелі кеңеске қатысушылардың тізімі;

    4) жауапты бөлімшенің баяндамасы;

    5) қосымша материалдар.

    16. Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс өткізілген күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.

    Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күні әкімдік мүшелеріне, ал қажет болған ретте, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберлім тізбесін аппарат басшысы бекітеді.

    Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады, уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.

    Қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерде қабылданған шешімдер кеңес өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қала әкімі бекітетін хаттамамен мемлекеттік және/немесе орыс тілінде ресімделеді, ол жетекшілік ететін әкім орынбасарымен және аппарат басшысымен келісіледі.

    4. Әкімдік және әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі

    17. Атқарушы органдар әкімдік тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:

    1) мәселені шешу әкімдіктің құзыретіне кіргенде;

    2) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің арасында келіспеушілік туындаған кезде;

    3) мәселенің шешілуі әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және өзге мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді талап еткенде.

    18. Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің жобаларын (бұдан әрі-жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

    19. Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері құқықтық актілер жобаларының ашық көздерде жарияланғанға және тиісті сараптамаларды алғанға дейін:

    1) құзыретіне қарай әкімдіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен;

    2) әкім аппаратының заң бөлімімен;

    3) әкімнің жетекшілік ететін орынбасарымен;

    4) Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысымен келісілуін қамтамасыз етеді.

    20. Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады.

    Жобаға «ескертулермен» келісілген кезде келіспеушіліктер туралы бірінші басшы немесе оларды алмастыратын адам қол қойған, қажетті түсіндірмелер берілген анықтама қоса беріледі.

    Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердің мән- жайы құзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен рәсімделеді.

    Келіспеушіліктер жойылған кезде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, әкімнің орынбасары, аппарат басшысы шешім қабылдау үшін бұл туралы әкімде не оны алмастыратын адамды хабардар етеді.

    21. Актінің әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органның бірінші басшысы аппарат басшысынан рұқсат алғаннан кейін Регламенттің 19- тармағында көрсетілген жобаларды ашық көздерде жариялауды және оларды тиісті сараптамалар/өзге мемлекеттік органдармен келісу үшін жіберуді қамтамасыз етеді.

    22. Әкімнің орынбасарлары, қала әкімнің аппараты, әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары кеңінен тарату үшін материалдар жарияланатын болжамды күнге дейін кемінде 1 жұмыс күні бұрын Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне мынадай құжаттар топтамасын жіберуді қамтамасыз етеді:

    1) ақпараттық- анықтамалық материалдар;

    2) Қазақстан Республикасының тиісті актісін қабылдау негіздері;

    3) ықтимал сұрақтарға жауаптар;

    4) қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің жобасы.

    23. Жобаны ашық көздерде жариялауға аппарат басшысының мақұлдауын алғаннан кейін жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ашық көздерде келісілген материалдардың жариялануын және оларды тиісті сараптамалар/өзге мемлекеттік органдармен келісімдер алу үшін жіберуді қамтамасыз етеді.

    Жергілікті өкілді орган шешімдерінің жобалары Алматы қаласының мәслихатымен алдын ала келісуге жіберіледі.

    24. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік органның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі-ЭЦҚ) қолдана отырып, электрондық құжаттар нысанындағы жобаны, оған түсіндірме жазбаны және куәландырылған басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда электрондық құжат айналымын пайдалану және жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес және тәртіпте электрондық құжат айналымы арқылы әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшілеріне келісуге жібереді.

    25. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық актілердің жобаларын уақытылы, сапалы әзірлеуге және белгіленген мерзімдерде қабылдауға, сондай-ақ жобалардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің түпнұсқалылағына, аппаратқа уақытылы енгізуге және ашық көздерде орналастыруға актіні әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органның бірінші басшысы және Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары дербес жауапты болады.

    26. Жобаны әзірлеуші бір мезгілде жобаның көшірмелерін мүдделі атқарушы органдарға келісуге жібереді.

    Әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізу кезінде түсіндірме жазбада мүддесі осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерін (мұндай факт болған кезде) көрсетеді, бұл ретте, енгізілген материалдарға тиісті органға келісу үшін енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.

    Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде келісу мерзімі жобалардың түскен және тіркелген сәтінен бастап 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

    Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.

    27. Жобаны қарау нәтижесі бойынша әкімдіктің келісуші құрылымдық бөлімшесі әзірлеушіге бірінші басшының қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуы тиіс:

    1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобада бұрыштама болады);

    2) жоба ескертулермен келісілді (жобада ескертулермен бұрыштама болады, ол қоса берілуі тиіс);

    3) жобаны келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).

    28. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші әкімдіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің барлық ұсыныстарын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды).

    Бұл ретте, түпкілікті нұсқаны дайындау процесінде әзірлеуші өзі келіскен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулерін міндетті түрде жояды.

    Қажет болған жағдайда әкімнің, әкім орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.

    29. Жобаны әзірлеуші әкімдіктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиіс.

    Әзірлеуші жобаға әкімдіктің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қойған, осы жобаны қабылдау қажеттігінің нақты негіздемесі бар түсіндірме жазбаны қоса береді.

    Жобаға сондай-ақ мынадай мәліметтер қоса беріледі:

    1) қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат;

    Әзірленген жобаны және оған қоса берілетін құжаттарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру қазақ және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.

    2) қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін жоба бойынша салыстырма кесте;

    3) егер қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары;

    4) егер қаулы жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдары;

    5) жүргізілу міндеттілігі тиісті саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін Заңда және/немесе заңнамалық актіде көзделген сараптамалардың қорытындысы;

    6) өзге де мемлекеттік органдардың қорытындылары.

    30. Әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімдік қаулыларын және әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды көздейді.

    31. Әзірленген жоба (оған тиісті материалдармен бірге) тіркеу үшін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы аппаратқа ілеспе хатпен енгізіледі және сараптама жүргізу үшін заң бөліміне беріледі.

    Жобаны заң бөлімі келіскен жағдайда, жоба оның мәтіндерінің тең түпнұсқалығын тексеру және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі лингвистикалық сараптама жүргізу үшін сыртқы байланыс және лингвистика бөліміне, құжаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысында-құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне беріледі.

    Аппарат сараптама жүргізуді тексеру барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:

    1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнұсқалы еместігі;

    2) оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіндегі;

    3) жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес келмейтіндігі;

    4) осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.

    Оң қорытынды болған жағдайда жоба әкімнің орынбасарларына келісу үшін беріледі.

    32. Жобаларды әкімнің орынбасарларында және аппарат басшысында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес бір күн мерзімде жүзеге асырылады. Ескертулер туындаған жағдайда нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырылады.

    Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін және әкімнің орынбасарларымен келісілгеннен кейін ол бойынша түбегейлі шешім қабылдау үшін келісу және әкімге не оны алмастыратын адамға енгізу үшін аппарат басшысына енгізіледі.

    33. Әкім әкімдік қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне қол қояды. Актілерге қол қойылғаннан кейін олардың түпнұсқаларына түзетулер енгізілмейді.

    34. Әкімдік қаулыларының, шешімдер мен өкімдерінің көшірмелері аппарат басшысы бекіткен жіберілілме сәйкес жіберіледі.

    Аппарат адресаттарға таратуды және тарату көрсеткішіне сәйкес лауазымды адамның қолынсыз актілер даналарының қажетті санын көбейтуді, оларды актінің түпнұсқалығын растайтын елтаңбалы мөрмен күәландыруды қамтамасыз етеді.

    Қажет болған жағдайда актілер үзінде көшірме түрінде жіберілуі мүмкін.

    Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын әкімдіктің және әкімнің актілері алушыларға тіркелгеннен кейін таратылады.

    Әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары аппаратта сақталады.

    Құжаттардың адресаттарға уақытылы таратылуына аппарат жауапты болады.

    35. Техникалық қателері болған ретте әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.

    36. Аппарат әкімдік және әкім қабылданған актілердің есебін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізуді, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жүзеге асырады.

    Актілерді жариялауға жіберуді аппарат жүзеге асырады.

    37. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі адамдарға рұқсат беруді аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады.

    5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі

    38. Заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    39. Заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.

    40. Заң актілерінің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмаларының талаптарының уақтылы және сапалы орындалуына жауапкершілік осылар орындауға жіберілген әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларына жүктеледі.

    41. Әкімдікте көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты лауазымды адамдар:

    1) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары өз құзыреті шегінде жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

    2) аппарат басшысы өз құзыреті шегінде орындаушылық тәртіптің орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

    3) әкімнің орынбасарлары өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

    Көрсетілген лауазымды адамдар аталған құжаттардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.

    42. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда құжаттың келіп түскен күнінен есептелетін орындаудың бір айлық мерзімі, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда он күндік мерзім белгіленеді.

    43. Белгіленген орындау мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшылығы мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмалары мынандай бақылау түрлеріне қойылады:

    1) шұғыл - «өте шұғыл» белгісі бар - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар - он жұмыс күніне дейін;

    2) қысқа мерзімді - бір айдан алты айға дейін;

    3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;

    4) ұзақ мерзімді - алты айдан жоғары.

    44. Қажет болған ретте әкім нақты жауапты нақты жауапты лауазымды адамдар бекіте отырып, Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Yкiметiнiң, Қазақстан Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс- шараларының жоспарын бекітеді.

    Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Жоспарда көрсетілген, орындауда жатқан Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Yкiметiнiң, Қазақстан Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына әрекетті бақылауды қамтамасыз ететін жауапты лауазымды адамды тағайындайды.

    Жауапты лауазымды адамды жүйелі негізінде Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Yкiметiнiң, Қазақстан Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының орындау жағдайында, сапасына және барысына талдау жүргізеді және тоқсан сайын 25-күніне қарай аппаратқа актілер мен тапсырмалардың іске асырылу барысы мен қортындылары туралы есептік ақпарат береді.

    45. Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республика Yкiметiнiң және Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімдері олар әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

    Өздерінде тапсырма берген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелері өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасы немесе Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республика Yкiметiнiң және Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмаларың түскенін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін бірден тапсырманы орындауға кірісуге міндетті.

    46. Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республика Yкiметiнiң, Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.

    Егер «Бақылауға алынды» деген мөр таңбасы бар тапсырмалардың мерзімдері белгіленбеген жағдайда, олар Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республика Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының атына ақпарат енгізе отырып, бір ай мерзімде орындалады. Өзге жағадайларда ақпарат Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігінің немесе Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесінің қосымша сұрауға сәйкес белгіленген тәртіппен берледі.

    47. Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының немесе Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмаларын орындау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде әкімдіктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы алдын ала, белгілеген мерзімге дейін кемінде бір күн бұрын тапсырма берген лауазымды адамның атына орындаудың ағымдағы жай-күйін, нақты орындау мерзімін, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын міндетті түрде көрсете отырып, мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігі туралы дәлелденген негіздемені көрсетіп хат жолдайды.

    Мерзімін ұзартуға, оның ішінде оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының немесе Қазақстан Премьер-Министрi Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша бір рет қана жол беріледі.

    Актілердің және (немесе) тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайтадан ұзартуға Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Премьер-Министрi Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша тәртіптік жауапкершілік туралы мәселені қарай отырып, ерекше жағдайларды жол беріледі.

    48. Заң актілерінің Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Үкіметінің, Қазақстан Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындау мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.

    Әкімнің жетекшілік ететін орынбасары тапсырмаларды бақылаудан алу немесе орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін келіседі.

    Тапсырмаларды бақылаудан алу немесе орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешімді қала әкімі/немесе қала әкімімен келісім бойынша аппарат басшысы қабылдайды.

    49. Аппарат заң актілерінің, Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Үкіметінің, Қазақстан Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.

    Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілерін, Қазақстан Республика Президентінің, Қазақстан Республика Үкіметінің, Қазақстан Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібінің бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдардың тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

    6. Аппараттың Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы

    50. Аппараттың әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы аппараттың тиісті бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

    51. Ұйымдастыру бақылау бөлімі әкім тапсырмаларының орындалуын бақылауды, ағымдағы мәселелерді шешуді, тексерулер жүргізуді, көшпелі іс-шараларды өткізуді, ақпаратты жинақтауды, ақпаратты әкімге дайындауды жүзеге асырады.

    52. Аппарат бөлімдері басшыларының аппарат басшысының тапсырмаларын орындау және әкім мен әкімдік актілерінің орындалуын бақылау бойынша талаптары әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.

    53. Қызметтік электрондық поштаны әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері арасында байланыс және ақпарат алмасудың ресми құралы ретінде пайдаланады.

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2022 жылғы «26» тамыздағы № 3/420

    қаулысына 2-қосымша

    Алматы қаласы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

    1. 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/377 «Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы»;

    2. 2017 жылғы 22 мамырдағы № 2/172 «Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/377 қаулысына толықтыру енгізу туралы»;

    3. 2019 жылғы 21 сәуірдегі № 2/172 «Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/377 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»;

    4. 2019 жылғы 28 қарашадағы № 4/623 «Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/377 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;

    5. 2021 жылғы 1 шілдедегі № 2/172 «Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/377 қаулысына өзгеріс енгізу туралы».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.