Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 ақпан 2026 ж.

    Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Созақ аудандық мәслихатының төрағасы

    О. Жәмиев

    Созақ аудандық мәслихатының

    2026 жылғы 25 ақпандағы

    № 244 шешіміне қосымша

    Созақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2019 жылғы 15 қарашадағы № 274 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5252 болып тіркелген) шешімі.

    2. «Созақ аудандық маслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 274 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 6 мамырдағы № 22 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6196 болып тіркелген) шешімі.

    3. «Созақ ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 99 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6483-13 болып тiркелген) шешімі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.