«Отырар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 13/71-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Отырар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 13/71-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. «Отырар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін оның Отырар ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы
У. Ұзақов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.