Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабы, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына сәйкес, Ащысай ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Кентау қаласы әкімдігінің “Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы, Ащысай ауылы аумағында орналасқан “Ішкі орам газ құбырларының құрылысын жүргізу үшін” жалпы алаңы 3,6 га (36000 ш.м,) жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Жер учаскесін пайдалану барысында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан келісімдері алынсын.

    3. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

    4. “Кентау қаласы әкімдігінің “Ащысай ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2)Осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Ащысай ауылы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

    5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ащысай ауылы әкімі аппаратының бас маманы А.Жорабекке жүктелсін.

    6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ащысай ауылы әкімі

    Ж.Байкобеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.