Ащысай ауылы әкімінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 2 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» туралы шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Заңының 65-бабына сәйкес, Ащысай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ащысай ауылы әкімінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы №2 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Кентау қаласы әкімдігінің «Ащысай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2)Осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Ащысай ауылы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ащысай ауылы әкімі аппаратының бас маманы А.Жорабекке жүктелсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ащысай ауылы әкімі
Ж.Байкобеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.