«Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің аудитін жүргізген кезде аудиторды таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Жасанды интеллект жүйелеріне аудит жүргізу кезінде:
1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығы;
2) «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуы қосымша бағалануы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Дерекнамаларды пайдаланудың сапасы мен заңдылығын бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару талаптарына сәйкес дерекнаманың міндетті метадеректерінің болуын және дұрыстығын тексеру арқылы жүзеге асырылады.»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын бағалауды;
2-2) «Жасанды интеллект туралы» Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуын бағалауды.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.