Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округінің кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және « Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылының шекараларының жалпы көлемі 1415,8892 гектар болып белгіленсін.
2. Қошқарата ауылдық округі Қызтоған ауылының шекараларының жалпы көлемі 1844,6917 гектар болып белгіленсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы ауданының әкімі
_____________Ж. Мұртаза
Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы
_____________ З. Бүрлібаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.