«Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2026 ж.

    «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а.

    Д. Ваисов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлiгi

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің м.а.

    2026 жылғы 27 ақпандағы

    № 206

    бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2020 жылғы 29 мамырдағы

    № 69 бұйрығына

    1-қосымша

    «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі – аттестаттау) жолымен көрсетеді.

    3. «Бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға көрсетіледі.

    Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.

    Жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «электрондық Үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.

    5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық Үкімет» шлюзі арқылы алады.

    Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен уақыттан бастап бір жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

    Өтініште мәліметтер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады. Бас тарту электрондық құжат нысанында беріледі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10308 болып тіркелген) жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.

    8. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын құжаттар тіркелген уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

    9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

    2) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер болғанда;

    3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде.

    10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    11. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылығын ұсынады немесе айтады.

    12. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.

    13. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді қызмет алушыға өтініш тіркелген уақыттан бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама немесе «жеке кабинетіне» портал арқылы жібереді.

    14. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы «жеке кабинетке» жіберу арқылы хабардар етеді.

    15. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.

    16. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.

    17. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

    1) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу – 100 сұрақ: «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 45, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi – 10, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 10, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 15, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – 5;

    2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).

    18. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың жауабының біреуі дұрыс болған кемінде төрт нұсқасы болады.

    Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған сұрақтарда бір дұрыс жауаппен кемінде төрт нұсқасы қамтылады.

    19. Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.

    20. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі, олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.

    21. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өтеді.

    22. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануға жол берілмейді.

    Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.

    Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.

    23. Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.

    24. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.

    Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайтадан өтеді.

    25. Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасынан үміткерді аттестаттау теңдік, қолжетімділік, кемсітпеу қағидаттарын сақтай отырып олардың жеке ерекшеліктері мен тіршілік әрекетінің шектеулерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.

    Мүмкіндігі шектеулі адамдарға аттестаттау өту кезінде тиісті арнайы шарттар жасалады, қоса:

    1) Тестілеуге белгіленген уақытты ұзарту;

    2) Тестілеу кезінде қосымша үзіліс ұсыну;

    3) Бағаланатын білім мен дағдылардың мазмұны бойынша артықшылық бермейтін баламалы коммуникациялық құралдарын қоса алғанда, техникалық және (немесе) қосалқы құралдарды пайдалану;

    4) Тестілеу орындау процесіне араласпайтын ассистентті (еріп жүретін адамды) жіберу.

    Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт - 120 (жүз жиырма) минут (100 сұрақ), практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт - 60 (алпыс) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).

    26. Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт - 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).

    Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт - 30 (отыз) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).

    27. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.

    Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

    28. Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

    29. Аттестаттаудың әрбір кезеңінен өту нәтижелерін Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың соңғы кезеңінен өткеннен кейін бір жұмыс күн ішінде жібереді.

    30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 3- қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    31. Дәлелді себеппен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш салдарынан) аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тестілеуден көрсетілетін қызметті беруші бекітілген басқа күні өте алады. Бұл ретте өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.

    Аттестаттауға дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.

    32. Аттестаттау туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды болып табылады.

    3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

    33. Көрсетілетін қызметті алушы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық Үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында жолдайды.

    Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.

    «Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының талаптары ескеріліп көрсетіледі.

    34. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, Әділет министрлігі «электрондық Үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, «Бірыңғай байланыс орталығына», көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

    35. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын хабардар етеді.

    4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    36. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    37. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    38. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

    қағидаларына

    1-қосымша

    «Же­ке сот орын­да­у­шы­сы қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на үміт­кер адам­дар­ды ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі (бұ­дан әрі – Тіз­бе).
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның аумақ­тық әді­лет ор­ган­да­ры көр­се­те­ді.
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «элек­трон­дық Үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Тір­ке­ген уа­қыт­тан ба­стап 15 жұ­мыс кү­ні.
    4
    мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­нын/мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / «бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін
    5
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сі
    Ат­те­стат­тау/ат­те­стат­та­мау ту­ра­лы дәлел­ді ше­шім
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де кө­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген мән-жай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Алын­бай­ды.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
    Жұ­мыс кесте­сі:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; өті­нім­дер­ді қа­был­дау - 9.00-ден 17.30-ға дей­ін.
    2) пор­тал - тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ға өті­ніш­ті тір­кеу ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар тіз­бе­сі
    Же­ке сот орын­да­у­шы­сы қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­стат­та­удан өту­ге жі­бе­ру ту­ра­лы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жа­ты, пси­хи­ка­лық, мі­нез-құлық­тық, оның ішін­де пси­хи­ка­ға бел­сен­ді әсер ете­тін заттар­ды тұ­ты­ну­ға бай­ла­ны­сты бұ­зы­лу­шы­лық­та­ры­ның (ау­ру­ла­ры­ның) се­бе­бі бой­ын­ша пси­хи­ка­лық ден­са­улық са­ла­сын­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар­да есеп­те тұр­ғанды­ғы/тұр­ма­ғанды­ғы ту­ра­лы, мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық Үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған­да;
    2) «Ат­қа­ру­шы­лық iс жүр­гi­зу және сот орын­да­у­шы­ла­ры­ның мәр­те­бесi ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 140-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген шек­те­улер анық­тал­ған­да.
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Же­ке сот орын­да­у­шы­сын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өту қа­ғи­да­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 26 қа­ра­ша­да­ғы № 561 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19669 бо­лып тір­кел­ген) бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­ген­де
    10
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сы - www.​adilet.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да көр­се­ті­л­ген, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Же­ке сот орын­да­у­шы­сы қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су­ға құқы­ғы­на үміт­кер адам­дар­ды ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу» және «Же­ке сот орын­да­у­шы­сы қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру» екі мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге «элек­трон­дық Үкі­мет» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту­ге өті­ніш жол­дай­ды.

    «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау үшін өтініш

    _____________________________________________________________________________

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органына

    _____________________________________________________________________________

    (жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

    тегi), жеке сәйкестендіру нөмірі)

    1. Мені жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын

    1) Дипломы туралы мәліметтер:

    1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________

    2. Мамандық шифрі _______________________

    3. Дипломның нөмірі_______________________

    4. Дипломның берілген күні ____________________________

    2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе

    тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:

    Сериясы және нөмірі ___________________________________________

    3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

    1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________

    2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

    3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________

    4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________

    5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________

    Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық

    поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

    Осымен:

    көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

    өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

    осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;

    өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

    денсаулық сақтау ұйымдарына «Наркологиялық науқастар тізімі» және «Психикалық науқастар тізімінен» диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.

    ______________________________________________

    (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

    «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Номер__________

    Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау/аттестаттамау туралы шешім

    __________ қаласы
    күні__________

    _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау/аттестаттамау деп танылсын.

          Басшы ______________________________________

          (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру туралы өтініш

    __________________________________________________________________________

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органына

    _____________________________________________________________________________

    (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

    1. Мені жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын

    1) Дипломы туралы мәліметтер:

    1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________

    2. Мамандық шифрі _______________________

    3. Дипломның нөмірі_______________________

    4. Дипломның берілген күні ____________________________

    2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе

    тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:

    Сериясы және нөмірі ___________________________________________

    3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

    1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________

    2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

    3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________

    4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________

    5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________

    4) Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ______________

    2. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беруді сұраймын.

    Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық

    поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

    Осымен:

    көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

    өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

    осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;

    өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

    денсаулық сақтау ұйымдарына «Наркологиялық науқастар тізімі» және «Психикалық науқастар тізімінен» диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.

    ______________________________________________

    (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.