2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 ақпан 2026 ж.

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері бекітілсін.

    2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Аманжолов

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы 26 ақпандағы

    № 23/04 қаулысына қосымша

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
    Қызметтің атауы
    Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
    Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
    1.
    «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
    68967,91
    3284,2

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.