«Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 ақпан 2026 ж.

    «Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.«Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1443 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2.«Алматы қаласының Спорт басқармасы» комуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.