Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінің ауылдарының шекараларын белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 ақпан 2026 ж.

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінің ауылдарының шекараларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және « Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылының шекараларының жалпы көлемі 1144,9415 гектар болып белгіленсін.

    2. Қарасаз ауылдық округі Жүрімбай ауылының шекараларының жалпы көлемі 705,2799 гектар болып белгіленсін.

    3. Қарасаз ауылдық округі Қарасу ауылының шекараларының жалпы көлемі 615,7046 гектар болып белгіленсін.

    4. Қарасаз ауылдық округі Көктас ауылының шекараларының жалпы көлемі 540,0932 гектар болып белгіленсін.

    5. Қарасаз ауылдық округі Ақбастау ауылының шекараларының жалпы көлемі 458,01 гектар болып белгіленсін.

    6. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    7. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жуалы ауданының әкімі

    _____________Ж. Мұртаза

    Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы

    _____________ З. Бүрлібаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.