Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 ақпан 2026 ж.

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    А. Ертаев

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 24 ақпандағы

    № 73 бұйрығына қосымша

    Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Лауазымдық міндеттері:

    мансап орталығына (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

    өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық қатарындағы адамдарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және оны сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;

    халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады;

    жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады;

    іс-шараларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады:

    жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

    өтініш білдірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

    кәсіптік оқыту;

    жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы;

    жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, қазіргі еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді;

    жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған цирфлық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады;

    жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады;

    жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен халықты жұмыспен қамту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды;

    еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды;

    әрбір нақты жағдайда кәсіптік даярлауды жүргізудің барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды;

    Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады;

    Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

    Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды;

    ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды;

    еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді;

    азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді;

    уақтылы есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді;

    Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Лауазымдық міндеттері:

    еңбек мобильдігі орталығына (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

    өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық қатарындағы адамдарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және оны сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;

    халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады;

    жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады;

    жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және еңбек ресурстарын дамыту орталығын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;

    ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құруды есепке алуды жүзеге асырады;

    іс-шараларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады:

    жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

    өтініш білдірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

    кәсіптік оқыту;

    жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы;

    жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, қазіргі еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді;

    жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған цифрлық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады;

    жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады;

    жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен халықты жұмыспен қамту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды;

    еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды;

    әрбір нақты жағдайда кәсіптік даярлауды жүргізудің барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды;

    Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады;

    Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

    Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды;

    ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды;

    еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді;

    азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді;

    уақтылы есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді;

    Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.»;

    12-1-тармақтың он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «халықты жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған цифрлық жүйелерді енгізу, тіркелген еңбек нарығының деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;»;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Мыналарды білуге тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясын;

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

    Әлеуметтік кодекс;

    Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі;

    Тіл туралы заңды;

    Халықтың көші-қоны туралы заңды;

    Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңды;

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;

    азаматтық заңнаманың негізгі ережелерін;

    құрылымдық бөлімшенің бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;

    жұмыспен қамту саласындағы автоматтандырылған цифрлық жүйелердің негізгі функцияларын;

    өңірдің (ауданның, қаланың) шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін;

    өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін;

    өңірлік еңбек нарығы дамуының негізгі үрдістері мен бағыттарын;

    жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын әзірлеу тәртібін;

    жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауды;

    ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды;

    экономика, құқық негіздері;

    Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.»;

    17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. Мыналарды білуге тиіс:

    52-тармақтың жиырма төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «мансап орталығына жүгінген адамдарды бастапқы қабылдауды жүргізеді, оларды автоматтандырылған цифрлық жүйенің дерекқорында тіркейді және белгіленген тәртіппен анықтамалар береді;»;

    2. «Еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысын, мансап орталығының үлгілік ережесін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33211 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мансап орталығының үлгілік ережесінде:

    13-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «12) «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады.»;

    3. «Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 397 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларында:

    2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуының онлайн-платформасы (бұдан әрі – платформа) – еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) жұмыскерінің біліктілігін арттыру және оны онлайн режимде аттестаттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;»;

    2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық жағынан сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық жағынан қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;

    4. «Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 422 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

    2-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуының онлайн-платформасы (бұдан әрі – Платформа) – еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) жұмыскерінің біліктілігін арттыру және оны онлайн режимде аттестаттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;

    8) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;

    көрсетілген қағидаларға 1-2-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    Тізбеге 1-қосымша

    Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына

    1-2-қосымша

    Нысан

    Мансап орталығы маманының кәсіби қызметін бағалау критерийлері

    Критерий
    Көрсеткіштер*
    Балдар
    Сараптама комиссиясының балдары
    1
    Тестілеу
    максималды деңгей – 100%
    ең көп балл саны – 80
    автоматты түрде қойылады
    2
    Мансап орталығының қызмет алушыларының бағалауы негізінде қалыптастырылған рейтинг
    соңғы 12 айда 5-тен 4-тен жоғары
    10 балл
    автоматты түрде қойылады
    соңғы 12 айдағы 5-тен 3,9-ға тең немесе одан төмен
    0 балл
    3
    Қызмет көрсету кезінде цифрлық жүйеде тіркелген бұзушылықтар мен қателер
    соңғы 12 айда бұзушылықтардың болмауы
    10 балл
    автоматты түрде қойылады
    соңғы 12 айда бұзушылықтардың болуы
    0 балл
    * Көрсеткіштерге қол жеткізу аттестаттау арасындағы кезеңде ескеріледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.