Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2025 ж.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қармақшы ауданының әкімі

    Ж.Еркінбек

    Қармақшы аудан әкімдігінің

    2025 жылғы «24» желтоқсандағы

    № 174 қаулысына қосымша

    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға көрсетуге арналған тарифтер

    Мекемелердің түрлері
    Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге
    1
    Жартылай стационар жағдайда (18 жасқа толмаған тұлғаларға арналған)
    10692,16 теңге (8 сағат)
    2
    Үйден қызметтер көрсету жағдайында
    3971,05 тенге (Бір қызмет алушыға)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.