Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттар тізімін айқындау туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 ақпан 2026 ж.

    Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттар тізімін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, « Тұрғын үй қатынастары туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №36186 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі айқындалсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Созақ аудандық мәслихатының төрағасы

    О.Жәмиев

    Созақ аудандық мәслихатының

    2026 жылғы 25 ақпандағы

    №245 шешіміне қосымша

    Созақ ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

    1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін Созақ ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері әрбір көрсетілетін қызметті алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңгеге дейінгі мөлшерде айқындалады.

    Тұрғын үй сертификаттары көрсетілетін қызметті алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғынжай сатып алған немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде өтеусіз және қайтарымсыз негізде ұсынылады.

    2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.