Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы «Қамысты ауылының Ержанов - Ленин көшелерінің қиылысынан Ержанов - Косма көшелерінің қиылысына дейін» жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қамысты ауылының Ержанов - Тәуелсіздік көшелерінің қиылысынан Ержанов - Косма көшелерінің қиылысына дейін».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы
Н. Искаков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.