2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ермуханбетовке жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б. Тынышбаев

    Ақсу ауданының әкімдігінің 2026 жылғы «_____»__________ №______ қаулысына қосымша

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

    Мекеме түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф, (теңге)
    1.
    Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
    1) психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
    2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
    3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
    4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
    5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.
    2979,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.