Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 ақпан 2026 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 85-бабының 2-тармағына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №120-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелді) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналар орнатылсын:

    1) осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері;

    2) осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Ғ. Нұрмұхамбетов

    Келісілді

    «Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация министрлігі

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану

    комитетінің «Су ресурстарын реттеу, қорғау және

    пайдалану жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    Солтүстік Қазақстан облысы

    әкімдігінің

    2026 жылғы «19» ақпандағы

    № 41 қаулысына

    1-қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері

    Су айдынының атауы
    Орналасқан жері (аудан, ауылдық округ, елді мекен)
    Су қорғау
    аймағының ені
    (метр)
    Су қорғау белдеуінің ені
    (метр)
    1
    2
    3
    4
    5
    Өзендер
    1
    Есіл өзені
    Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар
    1000
    100
    2
    Ақанбұрлық өзені
    Ғабит Мүсірепов атындағы, Айыртау
    500
    100
    3
    Иманбұрлық өзені
    Шал ақын, Айыртау
    500
    100
    4
    Жембарақ өзені
    Ғабит Мүсірепов атындағы
    500
    35-100
    5
    Мұқыр өзені
    Ғабит Мүсірепов атындағы
    500
    35-38
    6
    53°31’46.09”
    солтүстік ендіктен, 67°4’12.03”
    шығыс бойлықтан
    53°31’33.39”
    солтүстік ендікке,
    67°3’46.77”
    шығыс бойлыққа дейінгі географиялық координат тұстамасындағы Шудасай өзенінің учаскесі
    Шал ақын, Юбилейный, Ұзынжар
    500
    75
    7
    Аралтөбе өзені
    Айыртау
    500
    35-55
    8
    Қамсақты өзені
    Айыртау, Есіл
    500
    35-55
    9
    Құланайғыр өзені (КСТ-62 «Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл 17-209 километр» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 159 километріндегі көпірді күрделі жөндеу учаскесі)
    Ғабит Мүсірепов атындағы, Чистопол, Ялты
    500
    35
    10
    «Дәуіт-1» кен орнының тау-кен телімі географиялық координат тұстамасындағы
    Шат өзенінің учаскесі
    Ақжар, Ленинград, Ленинградское
    500
    75
    11
    Шарық өзені (Шарық су қоймасын қоспағанда)
    Ғабит Мүсірепов атындағы
    500
    35-55
    12
    52°55’27.00”
    солтүстік ендіктен, 72°51’21.00”
    шығыс бойлықтан
    52°58’20.00”
    солтүстік ендікке,
    72°57’16.00”
    шығыс бойлыққа дейінгі географиялық координат тұстамасындағы Шат өзенінің учаскесі
    Уәлиханов, Қайрат
    500
    35
    13
    52°56’54.00”
    солтүстік ендіктен, 72°45’47.00”
    шығыс бойлықтан
    52°58’22.00”
    солтүстік ендікке,
    72°57’15.00”
    шығыс бойлыққа дейінгі географиялық координат тұстамасындағы Семізбай өзенінің учаскесі
    Уәлиханов, Қайрат
    500
    35
    14
    Бабықбұрлық
    Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы
    500
    35
    15
    Битеке
    Ғабит Мүсірепов атындағы
    500
    35-100
    16
    53°21’4.57” солтүстік ендіктен,
    66°55’24.66” шығыс бойлықтан 53°21’2.55” солтүстік ендікке 66°57’27.88” шығыс бойлыққа дейінгі географиялық координат тұстамасындағы Есіл өзені саласының учаскесі
    Шал ақын, Юбилейный
    500
    55
    17
    Шағалалы өзені
    Айыртау, Тайынша
    500
    35-55
    Көлдер
    Айыртау ауданы
    18
    Жетікөл көлінің учаскесі («Агро-Елецкое» ЖШС суармалау жүйесі шегінде)
    Елецкий
    500
    35
    19
    Жақсы-Жалғызтау көлі учаскесі (№ 15-157-062-148, № 15-157-062-145, № 15-157-062-042 және № 15-157-062-164 «Исағали» ЖШС жер учаскелерінің шекаралары шегінде)
    Нижнебұрлық
    500
    35
    20
    Жалтыр
    Қамсақты
    300
    35
    21
    Крутое
    Антонов
    300
    35
    Ақжар ауданы
    22
    Қомбайсор
    Ленинград, Дәуіт
    500
    50
    Аққайың ауданы
    23
    Кіші Тоқшын
    Тоқшын, Тоқшын
    300
    50
    24
    Шағалалытеңіз
    Қиялы
    500
    50
    25
    Базарал
    Аралағаш, Аралағаш
    500
    50
    26
    Байсал
    Аралағаш, Амангелді
    300
    50
    27
    Ақсуат
    Аралағаш, Рублевка
    300
    50
    28
    Круглое
    Аралағаш, Рублевка
    300
    50
    29
    Кіші Балықты
    Смирнов
    500
    50
    30
    Жалтыр
    Григорьев, Григорьевка
    500
    50
    31
    Құндыкөл
    Полтав, Полтавка
    300
    50
    Есіл ауданы
    32
    Полоустное (Полонское)
    Петров, Покров, Петровка
    300
    50
    33
    Моховое көлінің учаскесі («Явленское-МТС» ЖШС суармалау жүйесі шегінде)
    Спасов
    300
    35
    34
    Жаркөл
    Спасов
    300
    50
    Жамбыл ауданы
    35
    Екатериновское
    Казанка, Екатериновка
    500
    50
    36
    Питное
    Преснов (Железнин)
    300
    50
    37
    Курганское
    Казанка, Усердное
    300
    50
    38
    Кабань
    Первомай, Кабань
    300
    50
    39
    Суаткөл
    Жамбыл
    300
    50
    40
    Мұжық
    Озерный
    300
    50
    41
    Жалтырша
    Майбалық
    300
    50
    42
    Далагүл
    Благовещенка, Майбалық
    300
    50
    43
    Питное
    Преснов, Островка
    500
    50
    44
    Жекекөл
    Благовещенка, Благовещенка
    300
    50
    45
    Жарағаш
    Благовещенка, Благовещенка
    300
    50
    46
    Лапушки
    Преснов (Железнин)
    300
    50
    47
    Купальное
    Преснов (Железнин)
    300
    50
    48
    Лагерное
    Преснов, Пресновка
    300
    50
    49
    Шырықмай
    Майбалық
    300
    50
    50
    Ақбалық
    Озерный
    300
    50
    51
    Горькое
    Казанка, Мирный, Екатериновка
    500
    50-55
    52
    54°38'43.38" солтүстік ендіктен, 67°7'7.87" шығыс бойлықтан 54°38'43.03" солтүстік ендікке, 67°7'31.54" шығыс бойлыққа
    дейінгі географиялық координат тұстамасындағы Плеханов көлінің учаскесі
    Преснов
    300
    35
    Қызылжар ауданы
    53
    Логунов
    Соколов, Соколовка
    300
    50
    54
    Сергин
    Налобин, Виноградов
    300
    50
    55
    Дубровное
    Налобин, Дубровное
    300
    50
    56
    Гайдуков
    Налобин, Гайдуков
    300
    50
    57
    Жалтыр
    Рассвет, Рассвет
    300
    50
    58
    Лебеденок
    Налобин
    500
    50
    59
    Сиверга
    Налобин
    500
    50
    60
    Соленое
    Лесной, Якорь
    500
    50-75
    61
    Пестрое
    Петропавл қаласы, Прибрежный, Тепличное
    300
    35-50
    62
    Лебяжье
    Вагулин, Вагулин
    500
    50
    63
    Бугровое
    Бугровое, Бугровое
    300
    50
    64
    Земляное
    Бугровое, Бугровое
    300
    50-55
    65
    Курейное
    Налобин, Гайдуков
    300
    50
    Мамлют ауданы
    66
    Белое
    Белое, Белое
    500
    100
    67
    Щучье
    Белое, Щучье
    300
    50
    68
    Студеное
    Белое
    300
    50
    69
    Степное
    Белое
    300
    50
    70
    Казачье
    Дубровин, Михайловка
    300
    50
    71
    Пруд
    Краснознамен, Беловка
    300
    50
    72
    Кривые
    Дубровин, Дубровное
    300
    50
    73
    Каменное
    Белое, Белое
    500
    100
    74
    Чистое
    Белое, Чистое
    300
    50
    75
    Меңгесер
    Қызыләскер, Новомихайловка
    500
    100
    76
    Бесқамыс
    Краснознамен, Калугин
    300
    50
    77
    Федосейкин
    Воскресенов, Воскресеновка
    300
    50-55
    78
    Жаргин
    Белое, Белое
    300
    50
    79
    Каменное
    Белое, Мамлютка
    300
    50
    80
    Таловое (Талое)
    Пригород, Покровка
    300
    50
    81
    Беленок
    Белое, Белое
    300
    50
    82
    Уделов
    Белое
    300
    50
    83
    Уделенок
    Белое
    300
    50
    84
    Краснознамен
    Краснознамен, Краснознаменское
    300
    50
    85
    Прудок
    Краснознамен, Калугин
    300
    50
    86
    Тетеркин
    Белое
    300
    50
    87
    Куропаткин
    Белое
    300
    50
    88
    Большой Черок
    Дубровин, Михайловка
    300
    50
    89
    Желтое
    Воскресенов, Ста новое
    300
    50-75
    90
    Ста новое
    Воскресенов,
    Новомихайлов,
    Леденев
    500
    35
    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
    91
    Ұлыкөл
    Бірлік, Рузаевка
    500
    50
    92
    Шарық су қоймасы
    Андреевка, Көкалажар, Андреевка
    500
    100
    Мағжан Жұмабаев ауданы
    93
    Бірінші
    Лебяжье, Лебяжье
    300
    50
    94
    Екінші
    Лебяжье, Лебяжье
    300
    50
    95
    Зарослое
    Аққайың (Гаврин), Зарослое
    300
    50
    96
    Рявкин
    Бәйтерек (Фурманов), Рявкин
    500
    50
    97
    Питное
    Полудин, Полудин
    500
    50
    Тайынша ауданы
    98
    Жамантұз
    Рощин
    500
    35-75
    99
    Кішкенесор
    Рощин
    500
    35-75
    100
    Сарыбай
    Рощин
    500
    35-100
    101
    Қалибек (Үшсай көлін ескере отырып)
    Тихоокеан, Зеленогай,
    Чкалов, Яснополян
    500
    35
    Тимирязев ауданы
    102
    Ақсуат
    Дзержинск, Москворецк, Москворецкое
    500
    50
    103
    Жарқын
    Дмитриев, Дмитриевка
    500
    50
    104
    Дмитриевка
    Дмитриев, Дмитриевка
    300
    50
    105
    Құмдыкөл
    Целинный, Хмельницкий
    500
    50
    106
    Әлпаш
    Тимирязев, Комсомол
    500
    100
    Уәлиханов ауданы
    107
    Жамантұз
    Қайрат
    500
    100
    108
    Теке
    Бидайық, Ақтүйесай, Телжан, Амангелді
    500
    35
    Шал ақын ауданы
    109
    Жалтыр
    Аютас, Семипол
    500
    100

    Солтүстік Қазақстан облысы

    әкімдігінің

    2026 жылғы «19» ақпандағы

    № 41 қаулысына

    2-қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

    1. Жерүсті су объектілерінде:

    1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

    2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

    3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

    4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

    5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

    6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

    7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

    2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

    1) мыналарды:

    су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

    көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

    айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

    балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

    ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

    су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

    2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

    3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

    3. Су қорғау аймақтары шегінде:

    1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

    2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

    3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

    4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

    5) зираттарды орналастыруға;

    6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

    7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

    4. Орналастырылуы осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.

    5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.

    6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.