«Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 191 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 ақпан 2026 ж.

    «Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 191 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Әділет органдары үшін арнайы үй-жайлардың алаңдарының табиғи нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 191 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10655 болып тіркелген).

    2. Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін Вице-министрге жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    Е. Сарсембаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.