Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 ақпан 2026 ж.

    Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

    2. «Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 709 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32926 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 20 ақпандағы

    № 119 Бұйрықпен

    бекітілген

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған

    нысан

    Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер

    Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.

    Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ЦМПМ1.

    Кезеңділігі: ай сайын.

    Есепті кезең: 20____ жылдың ____ айы.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: цифрлық майнинг пулы.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________.

    Жинау әдісі: электронды түрде.

    Цифр­лық май­нер­дің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Цифр­лық май­нер­дің ата­уы    
    Ли­цен­зия нө­мі­рі    
       Ли­цен­зия бе­рі­л­ген кү­ні    
    Крип­то әми­ян де­ректе­ме­ле­рі
    Қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­ті бө­лу кү­ні 
    Цифр­лық май­нер­ге бө­лін­ген қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    кестенің жалғасы:
    Цифр­лық май­нер­ге бө­лін­ген қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тің мөл­ше­рі    
    Цифр­лық ак­тив цифр­лық май­нер­ге қан­дай бі­рік­ті­рі­л­ген со­мма­мен ауда­ры­л­ған
    Цифр­лық ак­тив цифр­лық май­нер­ге ауда­ры­л­ған кү­ні
    Май­нинг пулы­ның ко­мис­си­я­сы
    Цифр­лық ак­тив­те
    Ва­лю­та­да
    Қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тің ата­уы    
    Қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тің са­ны
    Ва­лю­та­ның ата­уы
    Ва­лю­та­ның са­ны
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    Ескертпе: Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанға қосымшада келтірілген.

    Атауы ________________________________________________________________________ Мекенжайы __________________________________________________________________ Телефон ____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________________ Орындушы __________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон _______________________________________________________ ____________________________________________________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________ ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы

    Мемлекеттік кірістер

    органына ұсынылатын цифрлық

    майнинг пулы цифрлық

    майнинг жөніндегі қызметті

    жүзеге асыратын тұлғалар

    арасында бөлген цифрлық

    активтер туралы мәліметтер

    нысанына қосымша

    Нысан

    «Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Нысан) (индекс____, кезеңі ___)

    1. Ұсынылады: API (Application Programming Interface - қолданбалы бағдарламалау интерфейсі) қызметін қолдана отырып, www.Qoldau.kz интернет-ресурсы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына.

    Цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді цифрлық майнинг пулы автоматтандырылған режимде береді, осыған байланысты мемлекеттік кірістер органының жауапты лауазымды адамын айқындау және көрсетілген мәліметтердің ұсынылуы жөнінде цифрлық майнинг пулын хабардар ету талап етілмейді.

    2. Цифрлық майнинг пулы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей осы Бұйрықпен бекітілген Нысанға сәйкес цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына жібереді.

    3. Нысанда мынадай ақпарат көрсетіледі:

    Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

    Нысанның 2-бағанында цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    Нысанның 3-бағанында цифрлық майнердің атауы көрсетіледі;

    Нысанның 4-бағанында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия нөмірі көрсетіледі;

    Нысанның 5-бағанында бағанда цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілген күні көрсетіледі;

    Нысанның 6-бағанында крипто әмиян деректемелері көрсетіледі;

    Нысанның 7-бағанында қамтамасыз етілмеген цифрлық активті бөлу күні көрсетіледі;

    Нысанның 8-бағанында цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;

    Нысанның 9-бағанында цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің мөлшері көрсетіледі;

    Нысанның 10-бағанында цифрлық актив цифрлық майнерге қандай біріктірілген соммамен аударылғаны көрсетіледі;

    Нысанның 11-бағанында цифрлық актив цифрлық майнерге аударылған күні көрсетіледі;

    Нысанның 12-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;

    Нысанның 13-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны көрсетіледі;

    Нысанның 14-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған валютаның атауы көрсетіледі;

    Нысанның 15-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған валютаның саны көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.