Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 ақпан 2026 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу үшін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы және Бейнеу ауылы жерінен жалпы көлемі 501,555 гектар жер учаскелеріне «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd» жеке компаниясына жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Бейнеу ауданы әкімдігінің назарына жеткізсін.

    3. Бейнеу ауданының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

    4. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

    заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

    осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «____» ________

    №____ қаулысына қосымша

    «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd» жеке компаниясына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

    р/н
    Жер пайдаланушылар мен меншік иелерінің атауы
    Кадастрлық
    нөмірі
    Қауымдық сервитут белгіленетін жердің жалпы ауданы, гектар
    Бейнеу ауданы
    1.
    Аманжанов К.А.
    13-196-008-1044
    7,2945
    2.
    Бокаев Ы.Х.
    13-196-008-184
    0,3809
    3.
    Ауданбаев Н. Б. "Нұрлан " шаруа қожалықтары
    13-196-008-158
    22,7666
    4.
    "КазАзот" ЖШС
    13-196-015-188
    0,1528
    5.
    "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС
    13-196-014-453
    0,0503
    6.
    "КазАзот" ЖШС
    13-196-001-318
    0,0989
    7.
    "Интергаз Центральная Азия" АҚ
    13-196-001-040
    0,5417
    8.
    "Logistic Union Service" ЖШС
    13-196-001-276
    0,0974
    9.
    "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ
    13-196-014-429
    0,0924
    10.
    "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ
    13-196-008-636
    0,0005
    11.
    "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ
    13-196-008-658
    0,0168
    12.
    "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ
    13-196-008-771
    0,0005
    13.
    "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС
    13-196-001-413
    0,0212
    14.
    "Интергаз Центральная Азия" АҚ
    13-196-001-239
    0,0307
    15.
    "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
    13-196-001-411
    0,0005
    16.
    "Интергаз Центральная Азия" АҚ
    13-196-014-245
    0,0328
    17.
    "KEGOC "электрлік басқару жөніндегі Қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company)"Акционерлік қоғамы
    13-196-014-009
    0,1819
    18.
    cетями "(Кazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC"
    13-196-008-924
    0,0419
    19.
    "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ
    13-196-014-425
    0,5113
    20.
    "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС
    13-196-008-894
    0,0285
    21.
    "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ
    19-196-014-418
    0,0415
    22.
    Бейнеу ауылы елді мекенінің жерлері
    57,4019
    Босалқы жерлер
    411,7695
    Бейнеу ауданы бойынша барлығы:
    501,555

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.