«Төлеби ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/64-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Төлеби ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №11/64-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6503-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудандық мәслихат төрағасы
Н. Койбагаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.