«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 ақпан 2026 ж.

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттардың саудалық атауына арналған шекті бағаларда:

    реттік нөмірлері 66, 67, 68, 235, 346, 347, 377, 378, 571, 960, 962, 1086, 1087, 1444, 1473, 1565 және 1566-жолдар алып тасталсын;

    реттік нөмірі 1688-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    1688
    Нумета G13E
    Деректер жоқ
    Инфузияға арналған эмульсия, 300 мл, №10
    B05BA10
    ҚР-ДЗ-5 №023536
    Контейнер
    43851,20
    »;
    реттік нөмірі 1697-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1697
    НуТРИфлекс Липид спешиал
    Деректер жоқ
    Инфузияға арналған эмульсия, 1875 мл, №5
    B05BA10
    ҚР-ДЗ-5 №019247
    пакет
    13571,00
    »;
    реттік нөмірлері 1719, 1720, 1725, 1726, 1727, 1728, 1729, 1730, 1731, 1732, 1822 және 1823-жолдар алып тасталсын;
    реттік нөмірі 1894-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1894
    ПК-Мерц
    Амантадин
    Инфузияға арналған ерітінді, 200 мг/500 мл, 500 мл, №2
    N04BB01
    ҚР-ДЗ-5 №014836
    құты
    6 643,49
    »;
    реттік нөмірлері 2593, 2594 және 2687-жолдар алып тасталсын;
    реттік нөмірі 2702-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    2702
    Холоксан
    Ифосфамид
    Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г, №1
    L01AA06
    ҚР-ДЗ-5 №017038
    Құты
    14 854,09
    »;
    реттік нөмірлері 2825 және 2826-жолдар алып тасталсын;
    реттік нөмірі 2873-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    2873
    Эрбитукс®
    Цетуксимаб
    Инфузияға арналған ерітінді, 5 мг/мл, 20 мл, №1
    L01FE01
    ҚР-ДЗ-5 №013421
    құты
    99 347,83
    »;
    реттік нөмірі 2934 - жол мынадай редакцияда толықтырылсын:
    «
    2934
    Ципронатин
    Ципрофлоксацин
    Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 750 мг, №14
    J01MA02
    ҚР-ДЗ-5 №025928
    таблетка
    122,76
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    «БЕКІТІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау

    және дамыту агенттігі

    _________________

    _________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.