Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 ақпан 2026 ж.

    Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы

    «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй-жайларына жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Е. Нағаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрлігі

    Бұйрыққа қосымша

    Жылу энергиясын тұтыну нормалары

    Кли­мат­тық ай­мақ
    Об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла
    Өл­шем бір­лі­гі
    Ғи­ма­рат­тың қа­ба­ты
    2
    3
    4,5
    6,7
    8,9
    10, 11
    12 және одан жо­ға­ры
    I кли­мат­тық ай­мақ
    Аста­на қа­ла­сы, Ақ­мо­ла об­лы­сы, Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Қа­ра­ған­ды об­лы­сы, Қо­ста­най об­лы­сы, Абай об­лы­сы, Ұлы­тау об­лы­сы, Пав­ло­дар об­лы­сы, Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
    ги­га­кал­ло­рий/м2
    0,1333-тен 0,1859-ға дей­ін
    0,1197-ден 0,1520-ға дей­ін
    0,1155-тен 0,1467-ге дей­ін
    0,1081-ден 0,1373-ге дей­ін
    0,1027-ден 0,1303-ке дей­ін
    0,0969-дан 0,1230-ға дей­ін
    0,0933-тен 0,1185-ке дей­ін
    II кли­мат­тық ай­мақ
    Ал­ма­ты қа­ла­сы, Аты­рау об­лы­сы, Ал­ма­ты об­лы­сы, Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, қы­зы­лор­да об­лы­сы, Же­ті­су об­лы­сы
    ги­га­кал­ло­рий/м2
    0,0898-ден 0,1332-ге дей­ін
    0,0807-ден 0,1197-ге дей­ін
    0,0778-ден 0,1155-ке дей­ін
    0,0729-дан 0,1081-ге дей­ін
    0,0692-ден 0,1026-ға дей­ін
    0,0653-тен 0,0968-ге дей­ін
    0,0629-дан 0,0933-ке дей­ін
    III кли­мат­тық ай­мақ
    Шым­кент қа­ла­сы, Жам­был об­лы­сы, Маң­ғы­стау об­лы­сы, Түр­кі­стан об­лы­сы
    ги­га­кал­ло­рий/м2
    0,0897 дей­ін
    0,0806 дей­ін
    0,0777 дей­ін
    0,0728 дей­ін
    0,0691 дей­ін
    0,0652 дей­ін
    0,0628 дей­ін
    Ескерту: осы жылу энергиясын тұтыну нормалары жылыту кезеңінде тек тұрғын үй-жайларға қолданылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.