Ойыл ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ойыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23251 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 397, № 408 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 397 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Қаратал ауылы Ж.Жүсібалиев көшесі 2, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Берсиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратал ауылы: Ш.Берсиев, Әбілқайыр хан, Ақтөбе, Абай, Ө.Бақаев, И.Қарағұлов, Шәкәрім, Ж.Жүсібәлиев, Республика, Бейбітшілік, З.Баймолдина, Көкжар, Тәуелсіздік, Сүлеймен әулие, Қобыланды батыр, Ә.Молдағұлова көшелері.»
«№ 408 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Саралжын ауылдық округі Саралжын ауылы Көктал көшесі 2, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Саралжын ауылы: Ә.Дербісәлин, Алаш, Ботагөз-2, Ақтөбе, Қазақстан, И.Құрманов, Көктал, Қ.Шоланов, Таубатыр, Бейбітшілік, С.Керімбаева көшелері; Коңырат ауылы: Қоңырат, Ойыл көшелері.»
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы
Н. Тургамбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ақтөбе
облысы Ойыл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.