Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8686-03болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
11-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
11-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
11-тармақтың 11-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7 – баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;»;
11-тармақтың 17-абзацы алып тасталсын;
11-тармақтың 19-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне дәрігерлік консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде емдеу-сауықтыру қызметтеріне арналған абонемент құнын өтеуге бір түрі бойынша ай сайын, жылына 6 айдан аспайтын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы
М.Нұрпанова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.