«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 18, 19, 20-қосымшаларда:
15-тармақтың:
9) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларда:
15-тармақтың:
11) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды белгіленген мерзімдерде қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Тұрлыбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.