Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 13-3/8 «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 30 мамырдағы № 13-3/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 289-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»;
7-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
2. «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы
Т. Сарманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.