Ават ауылының көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Ават ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ават ауылының солтүстіктен-оңтүстікке қарай бірінші көшеге-Тәуелсіздік көшесі; батыстан-шығысқа қарай бірінші көшеге-Әмәт Бәкиев көшесі, төртінші көшеге-Бейбітшілік көшесі, бесінші көшеге-Жүсіп Баласағұн көшесі, жетінші көшеге-Изим Искандеров көшесі, тоғызыншы көшеге-Махмұд Қашқари көшесі, он бірінші көшеге –Әл-Фараби көшесі деп аталсын
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ават ауылдық округінің әкімі
Г.Кадиров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.