«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы «Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 ақпан 2026 ж.

    «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы «Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 38-2-бабына, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 55-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:

    1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі:

    1) осы өкімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы өкім ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Төраға

    Д. Малахов

    Қазақстан Республикасы

    Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының

    2026 жылғы «__» ______№ ____ өкіміне

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы «Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидалары

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Академия) мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін айқындайды.

    2. Академияның мемлекеттік аттестаттауы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесімен (бұдан әрі – Кеңес) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бес жылда бір рет өткізіледі. Мемлекеттік аттестаттау шеңберіндегі бағалау кезеңі соңғы бес жылды, оның ішінде ағымдағы оқу жылын қамтиды.

    3. Академияның мемлекеттік аттестаттауы білім беру сапасы мен қолжетімділігіне кешенді бағалау жүргізу мақсатында өткізіледі және білім беру қызметінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталады.

    4. Мемлекеттік аттестаттау барысында Академияның материалдарының оның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын жалпыға міндетті стандарттарға және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау және зерделеу жүргізіледі.

    2 тарау. Аттестаттау комиссиясын қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі

    5. Академияның мемлекеттік аттестаттауын өткізу кезеңінде Кеңес Төрағасымен келісу бойынша Кеңес аппаратының басшысы өкімімен Кеңес мүшелері мен Кеңес аппаратының қызметкерлері қатарынан, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тарта отырып, аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – аттестаттау комиссиясы) құрамы бекітіледі.

    6. Аттестаттау комиссиясы кемінде бес адамнан құралады.

    7. Аттестаттау комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

    3-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі

    8. Академияның мемлекеттік аттестаттауы аттестаттау комиссиясымен мемлекеттік аттестаттау басталған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі.

    9. Кеңес мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін екі ай бұрын Академияны мемлекеттік аттестаттаудың басталу күні туралы хабардар етеді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген материалдарды сұратады.

    10. Академия мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын сұратылған материалдарды Кеңеске ұсынады.

    11. Материалдарға Академия ректоры немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды және Кеңеске жолданады.

    4-тарау. Қорытындыны дайындау және қабылдау тәртібі мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша

    12. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының қорытындысы қалыптастырылады, онда Академия қызметінің талдауы, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағыттар мен зерттеу объектілері бойынша көрсеткіштерді бағалау, анықталған бұзушылықтар (болған жағдайда), қорытындылар мен ұсыныстар қамтылады.

    13. Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы мен барлық мүшелерімен екі данада қол қойылады және қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Академия ректорына немесе оны алмастыратын тұлғаға танысу үшін төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберіледі:

    1) пошта арқылы – тапсырыс хатпен;

    2) электрондық тәсілмен – Академияның электрондық поштасына жіберу күні көрсетіле отырып. Жіберілген қорытынды оны жөнелту фактісін растайды және Академияға тапсырылған болып есептеледі.

    14. Қорытынды Академияға жіберілген күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде аттестаттау комиссиясының қорытындысы негізінде Кеңес Төрағасы мынадай шешімдердің бірімен тиісті өкім шығарады:

    1) Егер Академияның білім беру қызметі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда – аттестаттау;

    2) Егер Академияның білім беру қызметі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда – аттестаттамау.

    15. Кеңес Төрағасының өкімі қол қойылған сәттен бастап бір күн ішінде Академияға жіберіледі.

    16. Қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда Академия оны алған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бір жылдан аспайтын мерзімдер көрсетіле отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұсынады, олар Кеңес Төрағасымен келісіледі.

    17. Бұзушылықтарды жою мерзімі аяқталғаннан кейін Академия Кеңеске бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынуға міндетті.

    18. Академияның есебі негізінде аттестаттау комиссиясы бес жұмыс күні ішінде қайта қорытынды шығарады.

    19. Бұзушылықтар жойылмаған немесе есеп белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда Академия аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.

    20. Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген Академия Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауға жатады.

    21. Академияның мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.