Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы «Тереңкөл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» № 1/15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 ақпан 2026 ж.

    Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы «Тереңкөл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» № 1/15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тереңкөл ауданы мәслихатының «Тереңкөл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1/15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7500-14 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы

    Р. Габидулин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.