«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 ақпан 2026 ж.

    «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7639-14 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облысының әкімі

    А. Байханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.