«Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №57/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №57/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №60-20 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі
Д. Рыспеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.