Маңғыстау облысының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтарының лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ынталандыру үстемақылары белгіленсін:
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтарына - 30 (отыз) пайыз мөлшерінде.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы
Ж. Матаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.