Ойыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы
С.Ғ. Займолдин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.