«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысына келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың 44) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«44) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер хаттамаларын жасайды және оларды қарайды, әкімшілік жазалар қолданады»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) тармақшалармен толықтырылсын:
«45) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
46) кітапхана қорын сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;
47) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
48) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
49) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
50) ауданның мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болып табылады;
51) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
52) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және келіседі;
53) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
54) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
55) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
56) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;
57) аудан аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзеді;
58) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
59) волонтерлік қызмет практикасын талдау, жиынтықтау және жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
60) волонтерлік қызмет жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
61) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіркеуші органды заңнамада белгіленген тәртіппен өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы хабардар етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі
Е. Степаненко
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.