Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері ұлғайтылсын:
1-санат – жабық типтегі жерүсті автотұрақтар, ашық типтегі автотұрақтар. Мөлшерлеме 10 есеге ұлғайтылсын;
2-санат – өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар, өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар. Мөлшерлеме 9 есеге ұлғайтылсын;
3-санат – ғимараттардың астында орналасқан жерасты, жертөле, цоколь қабаттарында немесе төменгі жерүсті қабаттарында орналасқан автотұрақтар. Мөлшерлеме 8 есеге ұлғайтылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
А.Ломакин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.