Риддер қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27 - бабының 1 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Риддер қаласы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Риддер қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7611 болып тіркелген) шешімі;
2) Риддер қаласы әкімінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 2 «Риддер қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31399 болып тіркелген) шешімі.
2. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рахметкалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Риддер қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.