Қазақстан Республикасының басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау оқу орындары (бөлiмшелерi) жөнiндегi уақытша ереже туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасының басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау оқу орындары (бөлiмшелерi) жөнiндегi уақытша ереже туралы

    Министрлiк алқасының 1992 жылғы қарашаның 26-шы жұлдызындағы N 18/2 шешiмiнiң негiзiнде БҰЙЫРАМЫН:

    1. Негiзiн шығармашылық ұжым әзiрлеген Қазақстан Республикасының юстиция, Қаржы және Еңбек министрлiктерiмен келiсiлген және жоғары бiлiм бас басқармасы ұсынған Қазақстан Республикасының басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау оқу орындары (бөлiмшелерi) жөнiндегi Уақытша ереженiң жобасы бекiтiлсiн.

    2. Басшы қызметкерлер мен мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру және қайта дайындау жүйесiндегi Министрлiктер, ведомстволар, оқу орындары (бөлiмшелерi), жоғары және арнаулы орта оқу орындары өздерiнiң қызметтерiнде осы Уақытша ереженi басшылыққа алсын.

    3. КСРО Мемлекеттiк Бiлiм, Еңбек комитетiнiң және КОБОК-нiң 1988 жылғы желтоқсанның 23-i жұлдызындағы N 544/649/12-7 Бiрiккен қаулысымен бекiтiлген халық шаруашылығының басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiндегi оқу орындары жөнiнде үлгi ережесi Қазақстан Республикасының жерiнде күшiн жоғалтты деп есептелсiн.

         Министр

    Временное положение об учебных заведениях (подразделениях) повышениях квлалификации и переподготовки руководящих работников и специалистов Республики Казахстан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.