«Құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 наурыздағы № 231 бұйрығының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 наурыздағы № 231 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10766 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс жетекшілік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.