Түркістан облысы Келес ауданындағы елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 ақпан 2026 ж.

    Түркістан облысы Келес ауданындағы елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Келес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Түркістан облысы Келес ауданы бойынша келесі елді мекендердің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

    1) Ақтөбе ауылдық округінің Ескіқорған елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 26,25 гектар қоса отырып, Ақтөбе ауыл округінің Ескіқорған елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 1465,17 гектар болып белгіленсін;

    2) Ақтөбе ауылдық округінің Жуантөбе елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 53,76 гектар қоса отырып, Ақтөбе ауыл округінің Жуантөбе елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 352,98 гектар болып белгіленсін;

    3) Біртілек ауылдық округінің Жолбасшы елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 17,02 гектар қоса отырып, Біртілек ауыл округінің Жолбасшы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 355,39 гектар болып белгіленсін;

    4) Біртілек ауылдық округінің Оразата елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 24,20 гектар қоса отырып, Біртілек ауыл округінің Оразата елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 368,21 гектар болып белгіленсін;

    5) Жамбыл ауылдық округінің Қалғансыр елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,14 гектар қоса отырып, Жамбыл ауылдық округінің Қалғансыр елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 1158,13 гектар болып белгіленсін;

    6) Қошқарата ауылдық округінің Аманжар елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 86,16 гектар қоса отырып, Қошқарата ауылдық округінің Аманжар елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 301,80 гектар болып белгіленсін;

    7) Қошқарата ауылдық округінің Байтерек елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 3,33 гектар қоса отырып, Қошқарата ауылдық округінің Байтерек елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 406,76 гектар болып белгіленсін;

    8) Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,43 гектар қоса отырып, Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 524,39 гектар болып белгіленсін;

    9) Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 26,35 гектар қоса отырып, Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 411,71 гектар болып белгіленсін;

    10) Бірлік ауылдық округінің Жаңатіршілік елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерден 7,82 гектар, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлерден 4,65 гектар қоса отырып, Бірлік ауыл округінің Жаңатіршілік елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 1067,48 гектар болып белгіленсін;

    11) Біртілек ауылдық округінің Аққорған елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,89 гектар қоса отырып, Біртілек ауыл округінің Аққорған елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 140,31 гектар болып белгіленсін;

    12) Жүзімдік ауылдық округінің Жүзімдік елді мекенінің шекарасына Келес ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 572,60 гектар қоса отырып, Жүзімдік ауыл округінің Жүзімдік елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 1080,47 гектар болып белгіленсін;

    2. Осы бірлескен Келес ауданы әкімдігінің қаулысы мен Келес аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен Келес ауданы әкімдігінің қаулысы мен Келес аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ж.Агибаев

    Аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы

    Н.Мережепов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.